Қазіргі уақытта Қазақстанда Ақмола Алматы Шығыс Казах 10-нан астам экосайт қызмет етеді. «Экосайт» дегеніміз жергілі
қоғамдастықтарға негізделген экотуризм its
Жамбыл Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарда
асатын жерді белгілейтін Еуразия-Орталық Азия қорығы ұсынға
аумақта және оларға жақын жатқан аймақта орналасқан. Ерек,
термин. Бұндай экосайттардың көпшілігі ерекше қорғалатын таби
16
6
Жаңа технологиялар туралы диалог.
– Сәлем, Азамат! Қалайсың?
– Сәлем, Қанат! Жақсымын ғой, сен ше?
– Мен де. Мектептегі қосымша үйірмелердің қайсысына баратын болдың, шештің бе?
– Жоқ әлі. Сенің қайда қатысқың келеді.
– Онда “Техноәлем” үйірмесіне жүрсеңші. Мен соған тіркелдім. Қызық болатыны сөзсіз.
– Өй, бізде қайдағы жаңа технологиялар дейсің. Дамымаған ғой. Ертең бос жүріп қалсақ ше?
– Мен олай демес едім. Себебі бізде де технология дамыған. Zhanuar 4D, Baksha 4D, “Бірлігіміз жарасқан” жанды кітабы, "Тарихи жол" гид-кітапшасы дегендерді естіп пе едің?
– Жо-оқ.
– Онда таныстырайын. Бұлар біздің еліміздің ғалымдары жасаған жаңа технологиялар. Алғашқы екеуі тек жануарлар мен өсімдіктердің суреті мен атын көрсетіп қана қоймайды, бейнесін де көріп, дауысын ести аламыз.
– Мәссаған! Мынауың керемет қой.
– Иә. Ал жанды кітаптың әрбір бетін ашып, смартфонға жүктелген арнайы мобильді қосымшаның көмегімен іске қоссаң, кітаптағы әңгіме мен кейіпкерлерге жан бітіп, кітаптың мазмұнымен таныстырады. Гид-кітапшада Қазақстанның киелі аймақтары туралы мәліметтер қазақ, орыс, ағылшын, қытай және түрік тілдерінде жинақталған. Бағдарламаның басты ерекшелігі – оффлайн режимде де жұмыс жасай беруінде.
– Тамаша! Мен бұлар туралы мүлдем естімеппін. Онда мен де сол үйірмеге жазыламын.
– Жүр онда. Оған қоса жетекшіміз жаңа технологиялардың қалай жасалғанын айтамын деп уәде берді.
– Кеттік!
Ағаштардан жапырақтар төгілді.
Несібесін жинап жатыр ел міне,
Ауыл маңы бұрынғыдан көңілді.
Жылы жаққа топ-топ болып түзеді бет
Жаз қызығын көрген біздің құстар да.
Алма ағашты күз желі бір сілкіп ет,
Өз келіп дәл алдыңа түсті алма.
Суық түсер, бізден жылы озар күн,
Түнге қарай жасырынар ай бұлттқа.
Қауын-қарбыз баяғыда-ақ базардың
Сөрелерін толтырып тұр байлыққа.
Суық та емес, ыстық та емес, рахат,
Жел де оншама байқатпайды екпінін.
Жүзім, өрік, мөлдіреген қарақат,
Бақша тұрмақ, базарда да жоқ бүгін.
Қолқабас қып әке менен шешеге,
Балалар да рахатқа батады.
Ал күн шыға олар толып көшеге,
Мектептерге кетіп бара жатады.