Қорқыт есімімен байланысты аңыздар түрік тектес халықтар арасында әр алуан түрде әңгімеленеді. Академик Ә.Марғұлан: «Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Орта Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыздар, ән-күйлер қазақ пен түрікпендерде көбірек жолығады» дейді. Қорқыт жайындағы деректердің белгілі бола бастауы XII-XIII ғасырлардан бермен қарай. Атақты тарихшы Рашидеддин қыр сахарасында Қорқыт пен «Оғыз-наманың» қатар хикаяланатынын жазған.
Мысал ішіндегі «емеурін» мағынасын — мақсат, ниетті аңғартатын тұспал сөз, бет-ауыздың қимылы, ишара деп түсінуге болады. Ниет, ойды айтып жеткізбей-ақ сездіру көп жағдайда бет-ауыз қимылы арқылы болатыны белгілі. Оны, әсіресе, ауыз қимылы аңғартатынын еске алсақ, сөз төркінін іздеп табуға көмектесері анық. Осыған орайлас якут тілінен мынадай деректі ұшыратамыз: эмэрэйдэн — ерін шығару дегенді ұғындырса, бұл етістік түбірі «ерін» мағынасын беретін «эмэрэй» сөзінің туындысы екендігін байқаймыз. Бұл жерде түркі тілдерінде «ерін» мағынасында қолданылатын тағы бір дыбыстық құрамдағы сөзге кездесіп отырамыз. Мұның өзі басқа бір тілдік деректерде кездеспей, тек якут тілінде ғана кездессе, кездейсоқ құбылыс болар дер едік. Дәл осыған сәйкес тұлғаны және «ерін» мағынасын беретін сөзді тунгус-маньчжур тобына жататын тілдердің бәрінен кездестіреміз: һэмун — ерін мағынасын береді. Егер дыбыс сәйкестіктері мен «р»—дыбысының тұрақсыздығын еске алсақ, мынадай схемаға жол береміз: эмэрэй>һэмэрэй>һэмэ(р)эй>һэмээ(й) >һэмэ + н>һэмэн>һэмун. Мұның езі «р» дыбысы түсірілмеген «ерін»— мен тұлғалас екендігі байқалады. Осы топшылау негізінен алып қарағанда,
ответь:

Объяснение: