Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 6 - сынып
1.Аяз би неліктен өзін «жаманмын» деді?
А) Уәзірлерге көмектескені үшін
В) Ханның жұмбағын шешу үшін
С) Далада мал бағып жүргені үшін
Д) Өмір бойы біреудің босағасында жүргені үшін
[1]
2. Жаманның Аяз би аталу себебі неде?
А) әділеттілігінде
В) көрегендігінде
С) тапқырлығында
Д) ақылдылығында
[1]
3.Тіршілікте ... бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
... еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған, - көп нүктенің орнына қойылатын сөздер қатарын белгілеңіз.
А) болаттай, өміріңді
В) құрыштай, тағдырыңды
С) құрыштай, өміріңді
Д) болаттай, тағдырыңды
[1]
4. Доспамбет жыраудың «Айналайын, Ақ Жайық» жырына сәйкес келетін қатарды белгілеңіз.
А) туған жерді сағыну В) өткен өмірді аңсау С) елді жаудан қорғау
Д) елге деген сүйіспеншілік
[1]
5. Кілең бұздай кілшейтіп, Көбелер киген өкінбес. Жұпарын қардай боратып,
Арулар құшқан өкінбес...- қарамен берілген сөздерге сай қатарды анықтаңыз.
А) теңеу, қару, теңеу
В) эпитет, сауыт, эпитет
С) сын есім, қару, сын есім Д) теңеу, темір сауыт,теңеу
[1]
6. «Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дегенді қалай түсінесіз?
[2]
7. Осы заманда кімдерді «жаман» деп айтуға болады?
[2]
8. Әл-Фарабидің «Өрге жүзер өнегелі ісімен, таңда адал дос өз теңіңнің ішінен» деген ойына өз пікіріңізді жазыңыз.
[2]
9. Ғұлама Әл-Фарабидің қасиетін ашатындай 3 сын есім жазыңыз.
[2]
10. «Сарыарқаның бойында, соғысып өлген өкінбес!» деген жолдардан не түсіндіңіз? Жыраудың өмір сүрген заманы қандай, елді кімдерден қорғады ? Өз ойыңызды жазыңыз.
[2]
11. ««Аяз би» ертегісіндегі халық арманы» Эссе жазыңыз.
[5]
Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!