В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Лераuse
Лераuse
23.01.2023 03:16 •  Қазақ тiлi

Қазақша  

КЕРІ

Тапсырмалар

Тексеруге жіберу

Тапсырма тақырыбы

Аралық бақылау тапсырмасы №1

Тапсырманың мәртебесі

Орындалып жатыр

Хабарламаны жіберуші

Сқақова Ақмарал Дайрабекқызы

Тапсырманы орындауға мына күннен бастап кірісу

31-10-2020

Тапсырманы мына күнге дейін орындау (қоса алғанда)

11-11-2020

Пән

Қазақ тілі (KT 11-17-P)

Бағаның түрі

Күнделікті баға

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті» бөлімі бойынша аралық бақылау тапсырмалары 

«Қазақ тілі» пәні

Оқу тобы

Студенттің аты-жөні

Бөлім:

Тақырып

«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.

 Сөз мәдениеті» бөлімі

Оқыту нәтижесі

1.Мәтіндегі негізгі ойды анықтап,мәтіннің идеясы мен түріне ажырату.

2.Мәтін бойынша берілген ақпараттардың дұрыс,бұрыстығын анықтау.

3.Мәтінге сай берілген нақыл сөздермен диалог құру.

4.Ғылыми-көпшілік стильдің тілдік құралдарын анықтау.

5.Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату.

6. Тілдік құралдарды қолданып, эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі) 

Білу

 D (қанағаттанарлық)

55-59

Бағалау критерийлері:Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, идеясы мен мәтін түріне ажыратады.

1-тапсырма. «Мәдениет ұғымы»

Мәдениет ұғымы

 Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен құрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және т.б.) жатады. Қайсы бір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған тұжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». 

Мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам — «хайуанимадани», яғни, Мәдениетті жан. Адам — табиғат туьндысы және ол үшін табиғи  орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі. Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді. 

Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім — мәдени антропология. Оның негізін салушылардың бірі — Э. Уилсон. Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру — адамзаттың алдындағы келелі міндет. 

Мәтінді оқып,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

-Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.

-Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.

-Мәтіннің түрін ажыратыңыз.

Показать ответ
Ответ:
Himop
Himop
23.02.2021 15:25

Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңеледі, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, ал түн болса, керісінше қысқара бастайды.

Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын болған. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Алаңда барша халық жиналып, Наурыз жайлы қойылымды тамашалайды.

Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.

Мерекелік дастарқанға түрлі ұлттық тағамдар қоюға болады. Мысалы, сүт тағамдарынан қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. сияқты тағамдар дастарқанға қойылады.

Сонымен қатар ұннан әзірленетін ұлттық тағамдар шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеуге болады.

Ал дәнді дақылдардан талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе болса, дастарқанға қоюға болады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
barbara27
barbara27
19.12.2020 10:40

Биылғы жылғы қызық оқиғалар

Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.

Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.  

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота