В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Ailina24
Ailina24
20.02.2021 16:00 •  Қазақ тiлi

«Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы бола отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруге, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы түрлерінің тең жартысы өндірілуі тиіс», – делінген. Қазіргі кезде Қазақстанда Күн, жел, су энергияларын пайдалану жоғары деңгейде емес. Мамандардың есебі бойынша, елімізде баламалы энергия көздерінен өндірілетін энергия жалпы энергияның 1 пайызы ғана екен. Еліміздің жер қойнауы мұнай мен көмірге, басқа да пайдалы қазбаларға бай болғандықтан, біз энергия тапшылығын көріп отырған жоқпыз. Бірақ жер қойнауындағы қазбаларымызды шексіз деп айтуға болмайды.

Профессор Ә.Жамалов күн энергиясын пайдалануға байланысты зерттеу жұмысына жарты ғасырға жуық өмірін арнады. Ташкент қаласында жұмыс істеп жүргенінде ол баламалы энергия көзін өндіру ісін бастады. Мәскеу қаласының мамандарымен бірігіп, 1000 шаршы метрлік Күн энергетикалық қондырғысын жасады. Осы қондырғымен екі қабатты ғимаратты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етті. Кейін Алматы қаласына келгеннен кейін де зерттеу жұмысын жалғастырды. Ол Үлкен Алматы каналын салу құрылысы кезінде күн энергиясын пайдаланып, тәулігіне 100-ге жуық адамды ыстық сумен қамтамасыз етті. Өкінішке орай, сол кезде жер қойнауындағы пайдалы қазбалар әлі де жеткілікті болғандықтан, баламалы энергия көздерін пайдалану қажет болмай қалды.

Ал 2013-2015 жылдары ол зерттеу жұмыстарының грантын жеңіп алды, сөйтіп шағын су электр стансасын іске қосты. Аталған қондырғы EXPO – 2017 халықаралық көрмесінде шетелдік мамандар тарапынан өз бағасын алды.

Ол кісі аталған қондырғыны болашақта жел турбинасымен, күн панелімен біріктіріп, әмбебап баламалы энергия көзін жасауды жоспарлап отыр.

1. Профессор Ә.Жамалов күн энергиясын зерттеу жұмысына қанша уақытын арнады?

2. «Қазақстан – 2050» стратегиясында: баламалы энергия туралы не айтылған?

3. Не себепті Елімізде энергия тапшылығы жоқ?

4. Профессор Ә.Жамалов Мәскеу қаласының мамандарымен қандай жұмыс атқарды?

5. 2050 жылға қанадай мақаст қойылып отыр?

Показать ответ
Ответ:
Настя456598
Настя456598
14.04.2021 11:02

Объяснение:

Нашол ответ? Дай

0,0(0 оценок)
Ответ:
BLACK2IVAN
BLACK2IVAN
14.04.2021 11:02

Объяснение:

1.Профессор Ә.Жамалов күн энергиясын пайдалануға байланысты зерттеу жұмысына жарты ғасырға жуық өмірін арнады.2.біз энергияның баламалы түрлерін өндіруге, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз.3.Еліміздің жер қойнауы мұнай мен көмірге, басқа да пайдалы қазбаларға бай болғандықтан, біз энергия тапшылығын көріп отырған жоқпыз.4.Мәскеу қаласының мамандарымен бірігіп, 1000 шаршы метрлік Күн энергетикалық қондырғысын жасады5.Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы түрлерінің тең жартысы өндірілуі тиіс

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота