Қостанай облыстық қазақ драма театры, І.Омаров атындағы - мәдени-сахналық мекеме. 2000 ж. 14 қыркүйекте ашылды. Театр директоры - Н.Ерекешев, бас режиссер - Ж.Есенбеков болды. Ұжым негізін Алматыдағы өнер академиясының түлектері және Қазақстанның мәдениет қайраткері Қ.Есенқұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ш.Есенқұлова, актерлер О.Мұқашев, М.Жапаров, А.Қасымова, Л.Едіресова, Қ.Бекайдаров, З.Балтабаева, З.Әбдіхалықова, т.б. құрады. Театр репертуарында 64 және 1964 - 1986 ж. Қазақ Балалар мен жастар театрының 1960- 64 ж. Қарағанды облыстық драма театрының актрисасы. Осы театрлар сахнасында Буратино (А.Н. Толстойдың "Алтын кілтінде"), Аягөз (Қ.Сатыбалдиннің "Аягөз-аруында"), Зәуре (Д.А. Фурмановтың "Бүліншілігінде"), Күлпаш (Ш.Құсайыновтың "Біздің Ғаниында"), Әлия Молдағұлова (Ш.Байжановтың осы аттас пьесасында), Айсұлу (Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің "Беу, қыздар-айында"), Айбала (С.Сейфуллиннің "Қызыл сұңқарларында"), Шеше (Б.Брехттің "Әйдік апай және оның балаларында"), т.б. спектакльдерде ойнаған. Қосыбаева, сондай-ақ, киноактриса ретінде де танымал. Ол 30-дан астам фильмдерге түскен. Атап айтсақ, "Балалық шаққа саяхат" (1968), "Шоқ пен Шер" (1971), "Күсен-Күсеке" (1975), "Нан мен тұз", "Сүйкімді" (екеуі де 1975), "Адамдар арасында" (1977), "Сен 12-ге толғанда" (1978), "Саған күшік керек пе?" (1994), "Жамбылдың жастық шағы" (1996), т.б. фильмдер бар. "Қазақфильмде" еңбек етіп, көптеген фильмдерге дубляж жасады. 1958 ж. Қазақ академия балалар мен жасөспірімдер театрының құрамымен Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде және гастрольдік сапарлармен Қазақстанның барлық дерлік қалаларында болып, өнер көрсеткен. 1986 жылдан құрметті демалыста.
Менің әжем бар. Ол өте мейірімді жан. Мен кішкентай күнімнен әжемнің бауырында өстім. Ол мені адалдыққа, білімге құштар болуға үйретті. Әжем қазақ ауыз әдебиетінен көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Сол білгендерін маған күнде ұйықтар алдында айтып береді. Әжем менің күнде сабағымды тексереді. Сабақтан жақсы баға алсам, әжем қатты қуанады. Мені құлыншағым ботақаным деп еркелетеді. Әжем әрдайым менің тәрбиеме де үлес қосып келеді. Ол менің ибалы да, иманды қыз болып өсуімді қалайды. Мен әжемнің менің жақсылығымды көріп, қызығыма тоймай, ұзақ өмір сүре берсін деп тілеймін!