В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
nastyshanastia1
nastyshanastia1
26.01.2023 14:52 •  Қазақ тiлi

Азақстан халқы ассамблеясы мәлимет​

Показать ответ
Ответ:
Trytodo
Trytodo
10.10.2020 13:56

Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет айтқан болатын. Бірақ үш жылдан соң, яғни 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.  Оның мәртебесін алғашында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен еді. Өз тарихында ассамблея аталған мәртебеден мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.  

Басты бет Жаңалықтар Қазақстан халқы ассамблеясы: өткені мен бүгіні Қазақстан халқы ассамблеясы: өткені мен бүгіні 14 Қыркүйек 2016 15213 0 Қазақстан халқы ассамблеясының басшылығына байланысты бір ерекшелік – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi бұл органды өмiр бойы басқару құқығына ие Қазақстан халқы ассамблеясы – Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылған, ең негізгі міндеті міндеті мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекет және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру бағытында жасақталған мекеме.  Қазақстан Президенті Н. Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет айтқан болатын. Бірақ үш жылдан соң, яғни 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.  Оның мәртебесін алғашында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен еді. Өз тарихында ассамблея аталған мәртебеден мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.    2007 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасы Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді, бұдан кейінгі жылдардан бастап Қазақстан халқы ассамблеясына конституциялық мәртебе берілді, соның нәтижесінде ассамблея ҚР Парламенті Мәжілісіне мемлекетқұрушы ұлт қазақтың өзін қосқанда тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Осы арқылы Ассамблеяның қоғамдық-саяси рөлі айтарлықтай артты.  2008 жылғы 20 қаңтарда еліміздің Президенті «Қазақстан халқы ассамблеясы» туралы әлемде баламасы жоқ заңға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналды. Басында тек руханият, тіл және мәдениет саласындағы іс-шаралармен ғана шектеліп қалуға тиіс ассамблея қызметінің нормативтік-құқықтық негіздері айқындалып, саяси өмірге де араласуға бет алды.  Ең қызығы, негізін қазақ даласына әр қилы саясатпен жер аударылып келген диаспоралардың ұрпақтары құрай отырып, олар мемлекеттік ұлттық саясаты әзірлеуге және жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етуге күш салды. Бұл – Қазақстан Республикасының Президентінің жасап отырған жақсылықтарының бірі екенін баса айтуымыз керек.  Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм (қазақ патриотизмі емес екенін белгілі), Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени саласын одан әрі дамытуға, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.    

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота