Ол өзі туралы ешқашан ойламайды, өзгенің көңілін табуға дайын тұрады. Заманымыздың өзге қалталыларындай тапқан таянғанын қара басының игілігіне ғана жұмсамайды. Ойлайтыны әл- ахуалы төмен, от басында науқас жандары бар от басыларына көмек көрсету. Жетім балаларға қатты жаны ашиды. Бүгінгі таңда өз балаларынан басқа 8 сәбидің әкесі, барлығын жетім балалар үйінен алып, тәрбиелеуде. Ол Ақтөбе қаласының тумасы, ол туралы көпшілік біле бермейді, тек көмегі тиген жанұялар оның амандығын тілеп, алғысын айтады. Рахмет, саған мейірімді адам.
Жалпы қазақ әдебиетінің зерттелуі де, жоғары дәрежелі оқу орындарында пән ретінде өтілуге тиісті материалдарды сұрыптауы да совет үкіметі кезінде, дәлірек айтсақ, 20-30 жылдардың бер жағында ғана қолға алынды. революцияға дейінгі шығыс халықтарының тұрмыс-салты, тарихы, тілі, әдебиетімен шұғылданушы орыс авторларының еңбектеріне көз жіберсек, олар қазақ ішінен өздері жинаған әдеби нұсқаларының бәрін ауыз әдебиеті сапында қарап, сол тұрғыдан бағалайтындықтарын көреміз. ол авторлардың жинаған, бастырған еңбектерінде xviii - xix ғасырлар әдебиеті тарихына жататын ақындардың аттары да, шығармалары да кездеседі. бірақ тарихи әдебиет өкілдерін ауыз әдебиетінен бөліп алып қарау байқалмайды. мысалы, в.в.радловтың «түрік рулары әдебиетінің нұсқалары» деп аталатын көп томды кітабының ііі томында (1870 ж.) жанақ пен түбек, орынбай мен шортанбай т.б. бар. тек хх ғасырдың бас кезінде «қырғыз поэзиясы туралы» деген в.н.белослюдовтың мақаласында ғана хіх-хх ғасырлардағы тарихи әдебиет, жазба әдебиеттерден ауыз әдебиетін бөле қарап, жазба әдебиеттің нағыз өкілдері кімдер екендіктері арнайы сөз болады.