В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
veronikasimonova1
veronikasimonova1
14.01.2022 02:33 •  Қазақ тiлi

Азақ тілі 110 бет 8 тапсырма (150 сөз не обязательно и синонимом,омоним,антоним,за есым)​

Показать ответ
Ответ:
втклр
втклр
11.10.2020 03:15

Шығармашылық қиялмен тығыз байланысты. Қиялдың даму деңгейімен ерекшеліктері шығармашылық үшін өте маңызды.Шығармашылықтың психологиясы оның барлық нақты түрлерінде көрінеді. Сурет, ғылыми, әдебиет көркем өнерде т.б. Нақты адамның шығармашылық мүмкіндігін қандай факторлар айқындайды. Шығармашылықтың мүмкіндігі адамның білімімен және олардың қабілеттілігімен сипатталады.Ұзақ уақыт белгілі психологы Т.Рибоның негізделген алгоритмизация мен шығармашылық процесске үйретудің мүмкін еместігі туралы көзқарас үстем болды. Алайда бұл көзқарасқа кейін күмәндана қарай бастайды. Бірінші орынға шығармашылыққа қабілеттілікті дамытуға болады деген гипотеза шықты.Ағылшын оқымыстысы Г.Уоллес шығармашылық процесін зерттеуге тырысты. Нәтижесінде ол төрт кезіңін бөліп шығарды:1)дайындық ( идеяның туы);2)пісіп-жетілуі ( концентрация);3)озарение (кенеттен шешім табуы);4)тексеру.Г.С. Альтимуллер шығармашылық міндеттерді шешудің тұтас бір теориясын жасап шығарды. Ол шығармашылықтың бес деңгейін көрсетеді. Бірінші деңгейдің мәселесі осы мақсатқа тікелей бағытталған құралдармен шешіледі. Объекті бұл жағдайда өзгермейді. Мұндай міндеттерді шешудің құралдары бір ғана арнайы саланың шеңберінде ғана болады. Екінші деңгейдің міндеттері қежетті эффекті алу үшін объектіні өзгертуді қажет етеді. Мұндай түрдегі міндеттерді шешудің құралы бір білім саласына жатады. Үшінші деңгейдің міндеттері дұрыс шешімі жүздеген дұрыс емес шешімдердің арасында жасырылған. Төртінші деңгейдің міндеттерін шешуде объекті толықтай өзгереді. Шешімді ғылым саласында өте сирек кездесетін эффектілермен құбылыстар арасында іздеуге тұра келеді. Бесінші деңгейде міндетті шешуде барлық жүйе өзгереді. Мұнда қателіктер көп болады. Міндетті шешудің құралы бүгінгі күнгі ғылымның мүмкіндігінен тыс жатуы мүмкін. Сондықтан да бірінші жаңалық ашу керек, содан соң жаңа ғылыми негіздерге сүйене отырып шығармашылық міндетті шешу керек.Альтилуллердің пікірі бойынша шығармашылық міндеттерді шешудің маңызды әдістерінің бірі олардың жоғарғы деңгейден төменге түсуі болып табылады. Мысалы: егер төртінші немесе бесінші деңгейдің міндетін арнайы әдістер арқылы бірінші немесе екінші деңгейге ауыстырса, онда ары қарай варианттардың әдеттегі салмағы асып кетеді. Бұндағы бар мәселе ізденіс жиегін тез тарылту болып табылады.Осылайша, пайда болған образдардың жеңілдігіне еріктілігіне қарамастан іс-әрекеттердің шығармашылық қайта жасалуы қиялда өзінің заңдарына бағынады және белгілі бір әдістермен жүзеге асады. Жаңа түсініктер санада болған түсініктердің негізінде анализ бен синтездің арқасында пайда болады. Қиял процессі түсініктердің құрамдас бөліктерге бөлінуінен және олардың жаңа үйлесімге бірігуімен яғни аналитикалық синтетикалық сипат алуымен анықталады. Шығармашылық процесс қиялдың күнделікті образдарын қалыптастырудағы механизмдерге сүйенеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота