В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Ulybaw
Ulybaw
28.02.2021 21:39 •  Қазақ тiлi

Қазақ тіл 7сынып 6-тапсырма​


Қазақ тіл 7сынып 6-тапсырма​

Показать ответ
Ответ:
matysja138
matysja138
22.11.2020 00:11

Сауда - өміріміздің бір бөлшегі.

Нарықтық экономика заманына көшкеннен бері сауда – саттық адам өмірінің маңызды бір бөлшегіне айналды. Заман талабына сай «Клиенттің айтқаны әрқашан да дұрыс» деген қағида қалыптасты. Сауда жасау, саудамен айналысу бір көзге оңай көрінгенімен, бұл – қыр – сыры көп, арнайы білім мен біліктілік мен шыдамдылықты талап ететін мамандық түрі.

Сауда - бүкіл адамзат дамуының қозғалту күші. Біз сатумен күн сайын айналысамыз: тауарлар, қызмет көрсетулер, білім, уақыт, тіпті соңғы кездері өзімізді (яғни білімімізді) сатамыз. Маркетинг, PR және жарнама – бұл ғылым ретінде арнайы оқытылса, экономикалық қару да, басқару функциясы да, байланыс үрдістері де тікелей сату өнерімен байланысты.

Қазіргі таңда заманауи сатушыға қойылатын талаптар өте жоғары десек те болады. Оның себебі, сатып алушылардың талапшылдығы мен талғампаздығына, бәсекелестердің белсенділігі мен қайсарлығына біліктілікпен, құзыреттілікпен және асқан еңбекқорлықпен жауап беріп, болашақ клиентке дұрыс қызмет көрсете алсаңыз – 100%-тік табыс әкелетіні сөзсіз. Сондықтан, сауда – әркімнің қолынан келе бермейтін өнер. Өйткені, «клиенттің айтқаны әрқашан да дұрыс» деген қағида қалыптасқан заманда әрбір сатып алушымен жақсы қарым – қатынас  орнату, жаңа клиенттер табу, тапсырысты орындай білу секілді мәселелер туындайды. Сонымен, сауда жасай білу нағыз өнер түрі деген қорытындыға келдім. Себебі, бұл сатып алушыны тыңдай біліп, қалаған затын толықтай түсіну, клиентке көңіл бөлу дегенді білдіреді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
hdjeugwcwtixuvbekz
hdjeugwcwtixuvbekz
03.10.2022 22:40

Зияткерлік спорт - білімді ұрпақ негізі.

Халқымыздың ұлттық ойындары ішінде қимыл - қозғалысты ширататындарымен қатар, ақыл - ойды жетілдіретіндері де жетерлік.

Қай спорт түрі болмасын денсаулыққа пайдалы екені баршамызға мәлім, ал зияткерлік спорт жастарымыздың білімді, алғыр болып қалыптасуына өз септігін тигізеді.

Зияткерлік спорт түрлеріне түрлі IQ додалар, сұрақ - жауап ойындары, шахмат ойыны, қазақтың ұлттық тоғызқұмалақ ойыны, дойбы ойыны секілді ойындарды жақызуға болады. Соңғы уақытта зияткерлік спорт түрін дамытып, жетілдіруге үлкен мән беріліп отыр. Соның дәлелі ретінде елімізде зияткерлік спорт түрлерінен өткізілетін дәстүрлі Еуразия кубогын жатқызуға болады. Аталған турнирдің басты мақсаты - қазақстандық жастардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту және еліміздегі интеллектуалдық қозғалысқа қоғам назарын аудару. Бұл турнир - еліміздің аумағындағы ең үлкен зияткерлік сайыс, оған 40 - тан аса мемлекет командалары қатысып, бақ сынасады.

Сонымен қатар еліміздің аумағында зияткерлік спорттың дамыту мақсатында түрлі іс - шаралар ұйымдастырылады.

Түрлі әлемдік зияткерлік додаларда еліміздің атын шығарып жүрген спортшыларымыздың ішінде он төрт жасында гроссмейстер атанған  Жансая Әбдімәлік, тоғызқұмалақ ойыны бойынша Гүлжанат Алдабергенова, Азамат Хайдар, Гүлнәр Нұрлыбаевалар, дойбыдан Рүстем Омаровты атап өтуге болады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота