Алтыншы - тогызыншы ғ-ларда Оңт. Қазақстан мен Оңт.-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемл. төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломат. байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімш. және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңт. Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам , ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады.
Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра бермейді. Біздің сыныптағы Дастан мектептегі барлық шараларда «Біз бақытты балалар» әнімен танымал болса, Залқар бишілік өнерімен Республика көлеміндегі сайыстарға қатысып, өзінің сүйікті билерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүр.Анель де екі жылдан бері мектептегі «Эстрада жұлдыздары» үйірмесіне қатысып, мектепішілік концерттерде ән айтса, Адина «Жас толқын» би үйірмесінің белсенді мүшесі. Қолөнерге қызығатын оқушыларымыз да аз емес. Бұлар біздің сыныптың мақтаныштары. Мен өз сыныптастарыммен мақтанамын. Олардың келешекте елімізге қызмет ететін азамат болатынына сенімім мол. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ» деп халқымыз тегін айтпаған болар.