Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ халқының ана тілі. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен берілген қасиеттер тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Отанға деген ерекше сезім де туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығын дамыту құралы. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған асыл мұра. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары ескіреді, жоғалады, ал тіл - ескірмейтін ең қымбат мұра. Қазақтың ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыстіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы.
1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз.
A. Тіл туралы
B. Өнер-білім туралы
C. Еңбекқорлық туралы
D. Адамгершілік туралы
2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз.
A. 22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі.
B. Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет.
C. Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек.
3. Мәтіннің түрін ажыратыңыз.
A. әңгіме
B. сұхбат
C. ертегі
D. мақала
4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз. (+ белгісімен белгілеңіз).
№
Ақпараттар
Дұрыс
Бұрыс
1
Ағылшын тілі- әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі
2
Отанға деген ерекше сезім де туған тіліңді білуден басталады.
1- а
2- с
3- D
4- бұрыс
дұрыс