В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
taniataolia
taniataolia
05.06.2020 15:52 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі бжб 4 тоқсан 7 сынып

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты Т7.О6.Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу

Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

ӘТН4.5. Оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу

Бағалау критерийі Білім алушы • Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды

• Автордың көзқарасына өз пікірін білдіреді

• Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады

• Оқшау сөздердің қызметін ажыратады

• Әңгіме құрастыруда оқшау сөздерді орынды қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты 15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, негізгі мәселені анықтаңыз. Автордың көзқарасын ажыратып, өз пікіріңізді комментарий арқылы білдіріңіз. 4-5 сөйлеммен.

Бал ашамын деп бәлеге қалған…

Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:

– Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…

…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:

– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:

– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.

Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.

2-тапсырма. Оқшау сөздерді қолдана отырып, ғылыми фантастикалық әңгіме құрыңыз. Стильдік айырмашылығына көңіл бөліңіз. Сөз саны 45-60. (3 оқшау сөздерді қатыстырады, түрлерін жазады, қызметін анықтайды)

Ғылыми фантастика – ауқымы кең жанр. Онда айтылған ғылыми идеялардың орындалу мерзiмiнiң келешек үлесiнде екенi баршамызға аян. Өйткенi жазушы-фантаст қаламынан туған ой-арманды арқалайтын шығармалар уақыт пен кеңiстiктiң қай қиылысында да бола алады, соған сай ғылымның дамуы мен адами құндылықтар – табиғатты көздiң қарашығындай қорғаудың небiр көкейкестi мәселелерiн қозғайды.

Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор

Білім алушы

Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды.

Автордың көзқарасына өз пікірін білдіреді. 1 Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды 1

Автордың көзқарасын ажыратып, өз пікірін комментарий арқылы білдіреді. 4-5 сөйлеммен.

4

Шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады.

Оқшау сөздердің қызметін ажыратады 2 Әңгіме құрылымын сақтап жазады (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) 1

Әңгімені тақырыпқа сай жазады 1

Мәтінді біртұтас мазмұнға сәйкес құрады. 1

Әңгіменің жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтайды 1

Оқшау сөздердің қызметін ажыратады. (3 оқшау сөз) 3

Показать ответ
Ответ:
baxrom2
baxrom2
04.05.2021 11:10

оқасы жоқ осы жауап түсінікті ме

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота