В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Юлия0753
Юлия0753
02.05.2021 04:56 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі мен әдебиеті» (T2) пәні бойынша жалпы білім беретін мектептер үшін бастапқы бақылау кескіні
8-сынып

1. Реттік сан есімді белгілеңіз
A) Тоғызыншы B) Алпыс төрт C) Мыңдаған D) Бестің үші E) Үшеу
2. Көмекші есімдер қатысқан қатарды табыңыз
A) Үйге келді
В) Үйден шықты
C) Үйдің жаны
D) Үйінен қайтты E) Үйіне барды
3. Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз
А) сүйкімді В) ұзындау С) жасыл D) қып-қызыл E) дымқыл
4. Сұраққа толық жауапты белгілеңіз. Уақыт дегеніміз не?
А) Уақыт бір орнында тұрмайды В) Уақытты бағала
C) Сондықтан әркім өз уақытын барынша тиімді, әрі пайдалы істерге жұмсауы керек
D) Уақыт-біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі E) Қандай мақсаттарға жеттім?
5. Бос орынға қажетті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.
Отан ..
басталады.
А) салттан В) отбасынан С) әкеден D) сыйластықтан E) тәрбиеден
6. Сөйлемді толықтырыңыз. Денсаулық -
А) зор байлық В) денсаулыққа байланысты C) денсаулық қымбат D) мықты денсаулы E) денсаулық кепілі
7. Б.з.д І ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген сауда жолы
A) Нефрит жолы В) Тас жол C) Ұлы Жібек жолы D) Лазурит жолы
E) Ұлы Дала жолы
8. Салыстырмалы шырайда тұрған сын есімді табыңыз
А) ақылды В) өте әдемі С) үлкен D) тым биік Е) қаттырақ
9. Берілген сөйлемдегі одағайдың түрін анықтаңыз
Бәрекелді! Отырар туралы ақпаратты толық оқып шықты.
А) жекіру одағайы B) тұрмыс-салт одағайы С) таңдану одағайы D) көңіл-күй одағайы Е) шақыру одағайы
10. Сөйлемдегі бос орындарға тиісті үстеулерді қойыңыз. Компьютер алдында ... отырған адамның
денсаулығы да нашарлай түседі.
А) мүмкін В) таңертең С) кеше
D) ұзақ
E) бүгін
11. «Мен жастарға сенемін» өлеңінің авторын табыңыз
А) І.Жансүгіров B) А.Құнанбаев C) М.Дулатов D) А.Байтұрсынов E) М.Жұмабаев
12. Лексикалық мағынасынан айырыла бастаған, сөйлемде зат есімдермен тіркесіп қолданылатын сөздер
қалай аталады?
А) Көмекші есімдер В) Етістік С) Үстеу D) Есімдік Е) Зат есім
13.Затты, нәрсені құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын екінші бір
нәрсемен салыстыру арқылы көрсететін көркемдік ұғым
А) Салыстыру B) Бейнелеу С) Ұйқас D) Метафора Е) Теңеу
14. «Күшті» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Әдепті В) Әдемі С) Сыпайы D) Мықты E) Салмақты
15. Сөйлемнен сан есімді көрсетіңіз.
Біз екі-екіден бөліндік.
А) Біз. В) Екі-екіден С) Әдемі.D) Бөліндік. Е) Екіден бөліндік.
16. Бауыржан Момышұлы кім?
А) халық қаһарманы, көрнекті жазушы В) даңқты жауынгер, әнші
С) суретші, өнер қайраткері Д) ғалым, дәрігер Е) көрнекті жазушы, саяхатшы
17. Одағай сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
А) Шырағым, маған көмектесіп жіберші. В) Әттең, үлгере алмадым!
C) Меніңше, ол ертең келеді. Д) Ол тез-тез киініп сыртқа шықты. Е) Олай болса, бірге барайық.
18. Күшейтпелі шырайы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ата-анаңа мейірімді, халқыңа қайырымды бол. В) Сап-салқын суды тоқтамастан сіміріп салды.
С) Ол өте үлкен іс бітірді. Д) Ауа райы салқындау екен.
E) Әр жерден шыққан көкшіл өсімдіктер көріне бастады.
19. Көмекші есім қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
А) Туған елдің биік, асқар таулары алыстан көз тартады. В) Асан мен Айдар сыртқа шықты.
С) Олар ағасының үйіне барды. Д) Аурухананың жанынан үлкен дәріхана салынып жатыр.
E) Олар таңертең жолға шықты.
20.Көп нүктенің орнына қажетті одағайды қойыңыз.
Қайырхан өз елін сатпағанда не болушы еді?
D) Шіркін!
E) Моһ-моһ
А) Шөре, шөре В) Бәрекелді! С) Алақай!
Оқылым

Показать ответ
Ответ:
matvey9874
matvey9874
06.05.2023 23:13
«Отан отбасынан басталады» десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел адам. Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы, мемлекеттің өркендеуі – соңында келіп әйелге, келешек Ана болар қыздардың қалай тәрбиеленетініне байланысты болмақ.

Заттай байлықтың құны өршіп тұрған бұл кезеңде руханият аяқ асты қалмауға тиіс. Адам тек тәнімен ғана адам болып тұрмағанын жақсы сезінуіміз – бүгінгі күннің өткір мәселесі. Біз рухымыз биік болғанда ғана Адам деген асыл есімге кір жуытпай қала аламыз. Діні мен Ділі берік ел –  алынбас қамал. Ал оның болашағы жастардың қолында. Сондықтан басқа елдердің өркениеттік жетістігі деп бағаланған арзанқол мәдениет үлгісі ата салт-дәстүріміздің тұнығын лайлатпасын десек, жастарымызға, әсіресе қыздарымызға дұрыс тәрбие беру – бәріміздің ортақ парызымыз. Өйткені кім-кімде болашақ әке, аға, әпке немесе ана.

Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен салыстыруға келмейді. Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген. Қазақ қыздары даланың ерке елігіндей бұлаңдап өскен
0,0(0 оценок)
Ответ:
fgugjxg
fgugjxg
21.08.2022 15:49
 
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.
Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота