В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
MarinaDonut648
MarinaDonut648
28.10.2021 01:38 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым

Отбасы–сыйластық,түсіністі корнаған орта, кішкентай Отан, табиғат сыйлаған

кереметтердің бірі. Отбасы–мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы–алғашқы қадам. «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол болуы керек. Сонда ғана әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленіп, болашақта Отанымыздың дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек. Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты. Себебі отбасындағы бала тәрбиесін түрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыруда. 

  Осы кезде дана Әл-Фарабидің мына сөзі ойға келеді: «Білім алмас бұрын, 

мықты тәрбиені қалыптастыру керек, тәрбиесіз алған білім қоғамға өте қауіпті».

 Кез келген адамның ержетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік 

белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы–оның 

санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

1.Мәтінге тірек(опора) болатын сөздерді табыңыз.

A)Отан, отбасы ,бала,тәрбие,

B)Отан, бала, мақал-мәтелдер

C)Отан, ұлттық дәстүр, ұя

D)Отан, әке, тәрбие, Әл-Фараби

[1]

2.«Отан отбасынан басталады» мәтеліне қандай ой сәйкес(соответствует) келеді ?

A)Барлық адамдар отбасынан шыққан.

B)Отбасы берекесі ата-анаға байланысты.

C)Отбасы шағын мемлекет, сондықтан барлығы тату болу қажет.

D)Отанның келешегі отбасында қаланады.

[1]3.Тыңдалым мәтінінің мазмұны бойынша бір сөйлеммен маңызды ақпаратты(информацию) тауып, жазыңыз.

[1]4.Бос орынға қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

    [1]

Жеке адамның бойындағы ..., ..., ..., ... тәрбиелеуде отбасы–алғашқы қадам.

5.Сұраққа толық(полный) жауап жазыңыз.

Отбасының бала тәрбиесіне қатысы қандай?    [1]

Оқылым

Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.

Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл болып келеді.

1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.

Тұжырым

Шын

Жалған

А

Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанбайды

В

Қала өмірі тынымды тірліктен тұрады

С

Ауылдың ауасы таза, даласы тып-тыныш болады.

[1]

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

Таңнан (антоним)-[1]

Берік (синоним)-[1]

4.Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз 

(1,2,3).

                                   

          Мәтіндегі ақпарат                                      

Реті

Ауыл - қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы

Қала өмірінде тынымсыз тірлік көп. 

«Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі – тірлік». 

[1]5.Сұраққа толық жауап жазыңыз.

Қала адамдары қандай болып келеді?

[1]

Жазылым

Берілген тақырып бойынша жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда реттік( порядковые), жинақтық( собирательные) сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

                                 «Отан отбасынан басталады».

 [5

Показать ответ
Ответ:
St1mx15
St1mx15
20.05.2022 14:01

Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол - мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.

Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады.Каспий – дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп.Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол – су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі қайнамаған судан кейде гепатит ауруына да шалдығып жатады. Оның құрамында микробтар болуы мүмкін негізгі және қосымша ақпарат анықта

0,0(0 оценок)
Ответ:
arina556
arina556
23.04.2021 03:21
Әлімсақтан «жетім көрсең жебей жүр» деп келе жатқан қазекем бүгінде осы сөздің парқына жете алмай жатқанға ұқсайды. Жетімдері көбейген, балалар үйінің саны ұлғайған еліміз қарасаң жүрегің қан жылайтын халге түсті.
Осындай керағар тәрбиеленген ұрпақтың қазіргі күйіне кімді кінәлаймыз? Қоғам кінәлі ме, әлде мәселе әке-шешеде ме? Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Айналып келгенде барлығы да тәрбиеге, ата-ана өнегесіне келіп тіреледі. Баяғының бойжеткені мен бозбаласы қандай еді? Ал қазір мүлдем басқа. Әдемілік пен көркемдіктің, инабаттылық пен әдептіліктің, ар-ұяттың белгісі ретінде бағаланған қыздарымыз қазіргі таңда тән сұлулықтарына көңіл бөлем деп, жан сұлулықтарын мүлде ұмытып қалған. Әрине, барлық қыз баласына күйе жақпаймын. Алайда, бір құмалақ бір қарын майды шірітетіні барлығымызға белгілі емес пе? Ал ер жігіттеріміз қазақ қызының, яғни, өз «қарындасының» намысын таптайды, жауапкершілік дегенді атымен білмейді. Ия, бойындағы арын емес, бетіндегі әрлеуін ойлаған қазақ қызы мен өне бойы құмарлыққа, ой-санасы ақымақтыққа толған қазақ жігітінің арқасында талай қазақ сәбиі ана қамқорлығы мен әке ұлағатынан қол үзіп, жетім атанып жатқан жайы бар. Сондай жетімдер саны, өкінішімізге орай, күн санап артып келеді. Бұл біздің қазақ қоғамына төнген үлкен қауіп, қатерлі дерт. Осы дерттің асқынып кетуін алдын-алу Қазақстанның болашағы – жастардың қолында.
Бүгінде республикамызда жүз елуден астам жетімдер үйі бар. Жыл сайын қазағымның қара домалақ ұлдары мен қара көз қыздары шетелдік азаматтардың қамқорлықтарына ие болуда. ҚР Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек,1999-2014 жылдар аралығында 8169 сәбиді шетелдіктер асырап алған. Соңғы он жылда қазақстандық жетім балалар әлемнің отызға жуық еліне әкетілген. Бұл жағдайымыз еш жарамас.
Құрметті, қазақ жастары! Қазақ қызы және қазақ жігіті деген абыройлы атқа сай болайық! Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, қарттарын қадірлеген қоғамымызды қайта жаңғыртайық!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота