В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География

«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
9-сынып
Оқылым.
Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан туындайды. Сағат сайын Жер Күннен 1014 кВт сағат энергия алады. Күн энергиясының 1-2% -ы жел энергиясына түрленеді. Бұл көрсеткіш жер бетіндегі барлық өсімдіктердің биоқалдыққа айналғанда бөлініп шығатын энергиясынан 50-100 есе асып түседі.
Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып, желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін де жел энергиясы қолданылған. Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі. Ылғи және барлық жерде жел соғып тұрады. Жаздың қоңыр салқын самал желін, апат, зардап, шығын әкелетін керемет дауылдарды атап өтуге болады.
Қалпына келтіретін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор. Экологиялық таза, қоры еш уақытта сарқылмайды әрі арзан, тиімді. Бұларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде, толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге белгілі. Жел энергетикасын дамытуға қолайлы аймақтар өте көптеп табылады. Жел күші жер бетінің ойлы-қырлы болуына тікелей байланысты. Мысалы, таулы аймақтың екі бөлігін қарастырайық. Күн көзінің екі бөлікке түскен энергиясы бірдей болғанымен, жердің кедір-бұдыры әрқилы болғандықтан, жел күшінің ықпалы, бағыты да әртүрлі болады. Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Жел күшінен өндірілетін энергия мөлшері желдің тығыздығына, жел турбинасының қалақшаларының ауданына, жел жылдамдығының кубына тәуелді болады.

Тапсырма 1. Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұны бойынша берілген сөйлемдерді сөздер және сөз тіркестері, терминдермен толықтырыңыз.
Жерді бірдей температурада қыздырмағандықтан, жел энергиясы пайда болады.
Ғаламшардағы су қорларының жел энергиясының қоры бірнеше есе көп.
Табиғаттағы тепе-теңдікті қоры шектеусіз бұзбайды. климаттың, жыл маусымдарының өзгеруіне қатысты.
Тапсырма 2. Берілген сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп қайта жазыңыз.
1) Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан туындайды.
Жер бетін...
2) Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді энергия көзі ретінде пайдаланған.
Желді...
3) Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі.
Бүкіл...
4) Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде, толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге белгілі.
Бәрімізге...
5) Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.
Ауа райының...
Тапсырма 3. Мәтіннің негізгі идеясын анықтап, оған қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз.



Жазылым
Берілген 4 сұрақтың бірін таңдаңыз. Жазба жұмыстарында ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді; шартты, мезгіл, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. Мәтіннің көлемі 100-120 сөз.

1 ЭКСПО – 2017 – Қазақстан белесі

2017 жылдың жазында Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесіне барғаныңызды еске түсіріп, көрмеден алған әсеріңіз (не көрдіңіз? не істедіңіз?) туралы газетке шағын мақала жазыңыз.

2 Биотехнологиялық жаңалықтар

Сіз мектеп телестудиясында жас тілшісіз. Мектебіңізде биотехнология саласындағы ғылыми жобалар сайысы өтіп жатыр. Бұл шараға қонақ ретінде NASA жанындағы университетті бітірген жас ғалым қазақстандық Дәмелі Мектепбаева да келді. Іс-шараның өту барысы туралы шағын репортаж мәтінін жазыңыз.

3 Болашақ энергия көздері

Сізге «Болашақтың энергиясы» қалалық эссе байқауына қатысу мүмкіндігі туды. «Қазақстан үшін жел мен Күн энергиясын өндірудің тиімділігі неде?» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.

4 Алаш идеясы мен қайраткерлері

Сабақ тақырыбы: Алаш идеясы мен қайраткерлері. Мұғалім сынып оқушыларына мынадай тапсырма ұсынды: Егер сізде бұрынғы кезеңге өтуге мүмкіндік болса, қай Алаш қайраткерімен кездесіп, сұхбаттасар едіңіз? Ол адамды не үшін таңдайсыз? Кейіпкермен шағын сұхбат мәтінін жазыңыз.

Показать ответ
Ответ:
BerlIS
BerlIS
26.12.2021 02:59
НА БОЛЬШЕЕ У МЕНЯ МОЗГОВ НЕ ХВАТИЛО :)

список лауреатов национальной общественной премии «Алтын жүрек-2017» выглядит так: 1. «За детям-сиротам» - Екатерина Яценко (Экибастуз, Павлодарская область); 2. «За поддержку образования» - Мурат Адильханов (Алматы); 3. «За заботу об инвалидах» - Биржан Қужақов (ЗКО, Уральск); 4. «За поддержку и развитие спорта» - благотворительное спортивное мероприятие «Алматы марафон» (Алматы); 5. «За заботу о ветеранах» - Расима Темербаева (Алматы); 6. «Меценат года» - Сергей Спицын (Алматы); 7. «Информационный благотворитель» -Майра Абдрахманова (Алматы); 8. «Благотворитель года» - Темирлан Шайнусипов (Алматинская область, село Ақ терек); 9. «За вклад в здравоохранение» - Клуб «28 петель» (Астана); 10. «За вклад в развитие Казахстана» - Виктория Шарбону и Элизабет Турнок (США).

С ТЕБЯ ПОДПИСЬКА И ЛАЙК!

(◍•ᴗ•◍)❤

0,0(0 оценок)
Ответ:
pogoreiko
pogoreiko
26.12.2021 02:59

ответ:Жаңа кеніштердің қатарға қосылуы м ұнай өнімін еселей арттырды. Атырау мұнайын еліміздің шығысына кідіртпей жөнелту үшін 1936 жылы Каспий – Орск мұнай құбыры іске қосылды.Кезінде Гурьев – Қосшағыл су құбырының іске қосылуы үлкен оқиға болды. Еліміздің орталық облыстарына тікелей шығу үшін Гурьев – Қандыағаш кең табанды темір жолының өмірге келуі де маңызды болды. Соғыс басталарда Ембі – еліміздің қоймасына сапалы мұнай беретін жылына 700-750 мың тонна. Сол кездегі үлкен мұнайлы өңірдің бірі еді. Қарап отырсақ бұл күнде «қара алтынның» қайнар бұлағы атанған мұнайлы Ембі өзінің бастауын Доссор мен мақаттан алғанмен, өмір алға аттанған сайын арнасы кеңейіп өсе берген екен. Тек Ұлы Оттан соғысы жылдарында 15 жаңа кеніш ашылып, Мақат – Комсомол – Қошқар – Сағыз мұнай құбыры төселіпті. Доссорда автомобиль жөндеу зауыты (1944), Қамыскөл электростанциясы тұрғызылды(1945). Сол бір қиын қыстау кезінде мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде талай – талай рекордтар жасалып, небір озық технологиялар енгізіле бастады.

Болмаса:Мұнай өндіру үшін тек жұмысшылар ғана емес, білімді мамандар жда қажет болды. Сондықтан 1930 жылы Гурьев мұнай техникумы ашылды. Кейіннен бұл оқу орны Политехникум деп аталды. Кезінде И.М.Губкин, С.М.Миронов, т.б. академиктер Атыррау өңірінің болашағын жоғары бағалап, бұл өңірді батыл барлау, жаңа кен көздерін ашып, халығ игңлңгңне жарату мәселелерін ортаға қойды. Кен орындарды игеруді ғылыми тұрғыдан бақылап отыру үшін «Эмбанефть» тресінің өзінен орталық ғылыми – зерттеу лабораториясы 1934 құрылды

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота