В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Updatek
Updatek
23.01.2023 19:11 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі пәні бойынша 5-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары І тоқсан
Күні:21.10.2020
Сабақтың тақырыбы: 3-бөлім: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. §20. Тілашар
Сабақтың мақсаты:
5.1.2.1 әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру
5.3.2.1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу
Оқушы:
 мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтар құрастырады.
 рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат жазады.
 тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады.
Қысқаша тезисті конспект
Тілашар дегеніміз – баланың ұстаз алдын алғаш көруіне (мейлі ол қожа, молда болсын, мұғалім болсын) арналған ізгі ниет, бата-тілек емес пе?! Ертеде алалы жылқы, ақтылы қой айдаған ірі байлар балаларын Бұхара, Самарқан, Қазан, Түркістан, Орынбор секілді қалаларға үлкен медреселерден білім алуға жіберген. Ауқатты адамдардың көбі ауылында бала оқытатын қожа-молдаларды ұстаған. Баласын алысқа жіберуге шамасы келмейтін қоңыртөбел шаруасы барлар мен саптыаяқтық айраны бар кедейдің өзі баласын ауыл арасындағы молдаларға апарған екен. Тілашар дәстүрі сол кезде жасалған. Оқуға баратын баланы жуындырып, тырнақ-шашын алып, әркім жағдайына қарай балаға жаңа киім кигізіп, қолдағы барымен дастарқан жасап, үлкендерден бата алған.

Таудай болсын талабың,
Ашылсын тілің, қарағым.
Оқу сіңіп санаңа,
Жарқырай берсін қабағың.
Мақтанышы бола біл
Ата менен анаңның! –

деген секілді ақ ниеттен шыққан батаны естіген баланың рухы көтеріліп, оқуға талпынған. Ата-анасы баласын молдаға жетелеп апарып: «Молдеке, сүйегі – біздікі, еті – сіздікі. Осы балаға қара танытып, тілін ашып беріңіз», - деп тапсырады екен. Әрине, ол заманның оқуы мен бүгінгі дәуірдің сабағын да, ұстазын да салыстыруға болмайды. Алайда мұсылманша әріп танып, оқу-жазуға көзі қарақты болғандардан қазақтың небір ғұлама ғалымдары, классик ақын-жазушылары шықты емес пе?!
(Зейнеп Ахметова)
Ресурстар: 5-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы, «Арман-ПВ» ба беттер, 2017 ж.
Оқушыға арналған тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, 3 сұрақ құрастырыңыз.
2-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, тіркестердің мағынасын түсіндіріңіз.
Алалы жылқы, ақтылы қой; қоңыртөбел шаруасы барлар; саптыаяқтық айраны бар кедей; қолдағы барымен дастарқан жасау; тілін ашып беру; қара таныту; көзі қарақты болғандар.
3-тапсырма. Оқылым материалы бойынша құрылымын сақтап, досыңа тілашар дәстүрі туралы хат жазыңыз.

КӨМЕКТЕСІП ЖІБЕРІНІЗДЕРШІ ТЖБ МЕН БЕРЕМІН

Показать ответ
Ответ:
varvara124
varvara124
18.03.2021 17:32
Қыс 
Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. 
Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. 
Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
агент007200
агент007200
22.01.2020 01:13
Мен саулетшы болгым келеды.Бул оте жаксы мамандык.Онда коп ойланып,жумыс истеу керек.Мен уйлерды жобалагым келеды.Мен бул ысты казырден бастап окып,дайындалып журмын.Маган бул ыс унайды.Мен бырнеше уйлердын жобасын жасадым.Калалык жарыстарга да катыстым.Арбир жарыста мен женимпаз атандым.Менын жумыстарымды коп адамдар багалады.Саулетшылык-бул оте жауапты мамандык.Мамандык оте киын,брак маган унайды.Мен болашакта Ресейлык ВУЗ-га тусуды жоспарладым.Оны тамамдаган сон мамандыгым бойынша кызмет аткарамын.Мен улкен компанияда жумыс истейтын боламын.Бул мамандык оте пайдалы.Егер 2-3 жоба жасасам,тапкан акшаммен 2-3 ай кун коруге болады.Бул керекты мамандык жане ол маган унайды.Менде болашакка оте улкен жоспар!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота