В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Usoll
Usoll
26.10.2020 23:41 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 5-сынып

Білім алушы

Тапсырма

• Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

• Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп

санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді

қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз. [10]

1-мәтін

Ағылшын тілінің мамандық үшін маңызы

Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар

кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір

Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін

тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.

(el. kz сайтынан)

2-мәтін

Көп тіл білгеннің пайдасы

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қастерлейміз, біле жүреміз. Орыс тілін қатынас тілі ретінде қолданамыз, есте сақтаймыз. Ағылшын тілін әлемдік аренаға ену үшін енгіземіз, үйренеміз. Қазақстанда тілдердің үштұғырлығы жобасы жүзеге асырыла бастады. Осы жоба аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуда. Сонымен бірге, осы ретте халықтың біраз бөлігі еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі екендігін білу шарт. Көптілділік — заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады.

Оқылым

Тапсырма

Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

А мәтіні

І Құралай Заманбекқызы Нұрқаділова– қазақстандық дизайнер, суретші, стилист.

«Kuralai» сән үйінің басшысы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Сән Палатасының

атқарушы директоры.

ІІ. Оқушы кезімнен-ақ достарымның арасында көшбасшы болуға тырысатынмын. Сыныпта

болған мәселелерді шешіп, балалар арасындағы достыққа көп көңіл бөлетінмін. Алғашқы

қоңырау, соңғы қоңырау сияқты кез келген іс-шараға үнемі қатысатын едім.

ІІІ. Дизайнерлік салада жүргеніңізге қанша жыл болды?

- Бұл салада жүргеніме жиырма алты жылдан асты. Ал менің«Kuralai» сән үйіме биыл

жиырма екі жыл толды. Мен өз идеяларымды бойжетіп келе жатқанымда-ақ қағаз бетіне

түсіре бастаған болатынмын. Сән салонымда қанша бөлме болатынын, ол бөлмелерде қандай

жиһаздар қалай орналасатынын және қанша адам қызмет ететіндерін дәптерге түсіргенді

ұнатушы едім. Нәтижесінде 1994 жылы өзімнің сән үйімді аштым.

(Сұхбаттасқан Данияр Жаныс BusinessNews.kz сайтынан)

1. Мәтіндегі сән шебері бала кезінде қандай болған? A. ақылды

B. белсенді

C. зерек

D. сәнқой

2. Суретшінің болашағына құрған жоспары туралы қай абзацта айтылған?

A. І

B. ІІ

C. ІІІ

3. Сіз берілген мәтіннің кейіпкері сияқты өз болашағыңызды жоспарлау дұрыс деп ойлайсыз ба? Ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз. Ә мәтіні

Хабарландыру

2016 жылдың 14 мамырында Отбасы дәстүрін, өнегелі құндылықтарды жаңғырту

мақсатында «Мерейлі отбасы» атты байқау өтеді. Бұл байқауға аймақтан көптеген отбасы

қатысып, өздерінің дәстүрлерін ортаға салады. Сіздерді де конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Ұйымдастырушы: Оңтүстік Қазақстан Әкімдігі, Білім басқармасы

Өтетін орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтекауданы,

Астана даңғылы, №6 мекенжайында орналасқан «Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан

облыстық қазақ драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты.

Басталуы: сағат 14:00-де

Ескерту: Байқауға қатысушылар жол мен баспана қаражатын өздері көтереді.

Ұйымдастырушылар қаланың көрікті жерлеріне қызықты экскурсия ұсынады.

Келемін деушілерге есік ашық!

1.Мәтінде аталған байқау не үшін ұйымдастырылды? A. Аймақтық салт-дәстүрлерді жалғастыру үшін

B. Әр жанұяның тек мерейлі отбасы болуы үшін

C. Жанұяның әдет-ғұрпын, үлгілі мұраны жалғастыру үшін

D. Қаланың әсем жерлерімен танысып қайту үшін

2.Жәнібектің отбасы байқауға қатысу үшін ақшаны қайдан алады? [1]

A. Аймақтық қордан

B. Білім басқармасынан

C. Облыс әкімдігінен

D. Отбасы қорынан

3. Мәтінде аталған байқау сияқты шаралардың өткізілгені дұрыс деп ойлайсыз ба? Өз

пікіріңізді 3 сөйлеммен білдіріңіз.

Жазылым

Оқушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды.

Құрамы 100-150 сөзден тұратын жазба жұмысын (мәтін) орындау керек. [10]

1) «Үш тілді меңгеру» – еркіндіктің, бүкіл әлем бойынша жүріп-тұрудың кепілі»

тақырыбында мектеп журналына ойыңызды сипаттап жазыңыз(100-150 сөз көлемінде).

2) Беташар – қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген. «Беташар» салты туралы не білесіз? Мәтінде аргументтер келтіре отырып, ойыңызды сипаттап жазыңыз (100-150 сөз көлемінде).

Показать ответ
Ответ:
мозгилучше
мозгилучше
08.09.2021 13:20
Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттырасыз және уақытты үнемдейсіз . Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Осының бәрі компьютердің пайдалы жақтарының бірі. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
совуша2007
совуша2007
07.09.2020 16:24

Компьютердің пайдасы мен зияны.

Компьютер пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.

Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдалы жақтарын атап өтейік:

- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.

- Ғаламтордан қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.

- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.

- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.

Дегенмен компьютердің пайдасы мен қатар, зиянды жақтары да аз емес.

Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.

Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мысалға, кітап оқысақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұны "тәуелділік" деп айтсақ та болады.

Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.

Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.

Менің ойымша қаншама уақытты компьютерлік ойын ойнаумен өткізгеннен гөрі, сол уақытты спорттық ойындарға арнасақ, денсаулығымызға пайдасы зор болмақ.

Дегенмен де, менің ойымша компьютердің зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін. Бірақ мен өз денсаулығыма алаңдаймын, сондықтан компьютерді тек қажет уақытында пайдалану туралы дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота