В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
maksimpolyakovox7711
maksimpolyakovox7711
06.04.2022 07:30 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис
Қоршаған орта және энергия ресурстары. Синтаксис
Жасөспірім және заң. Синтаксис

Оқылым
1-Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбын, мәтіндердің типтерін, құрылымын салыстырыңыз. Мәтіндер қандай стильде жазылған?
[3]

А мәтіні
Табиғи ресурстарды қорғау және альтернативті энергия
Табиғи ресурстар олардың қолдану саласына қарай өндірістік, денсаулықты сақтауға қажетті, ғылыми, эстетикалық деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар а тәуелсіз болып келеді. Соның бірі – су. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр.
Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады.
Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері табиғи ресурстар деп аталады. Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат азық-түлік, киім-кешек тұрмыс қажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар және өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады.
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады.

Ә мәтіні
Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Қазақстан минералдық ресурстарға бай. Қазақстан дүниежүзі елінің ішінде вольфрам, қорғасын, барийдің және басқа да пайдалы қазба байлықтарының қоры бойынша алдыңғы қатарларда.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бірі, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Енді энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жер қойнауынан шығарғаннан бастап, электр энергиясына айналдырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің бәрінде орын алады екен.
Ластаушы компоненттердің түрі мен мөлшері қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты.
Қатты отынды жаққанда күл, ыс, күкірт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді. Сұйық отынды (мұнай мен оның өнделген өнімдерін) қолданғанда, ауаға күкірт пен көміртектің қосылыстары бөлінеді. Ал газды (отынды табиғи мен сұйытылған газ) жаққанда, қоршаған орта тек азот оксидімен ластанады. Отынның химиялық құрамында қандай элементтердің қосылыстары болса, жаққанда солардың оксидтері мен басқа да қосылыстары қоршаған ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң-газ ұстайтын қондырғыларды (сүзгіштерді) қолданған орынды. Осындай қондырғылар зиянды заттарды ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады.

А мәтіні Ә мәтіні
Тақырыбы

Мәтіндер қандай стильде жазылған?

Мәтіндер қандай типте жазылған (баяндау, сипаттау, талқылау)?

2. Мәтіндердің мазмұны бойынша екі сұрақтан құрастырыңыз.
[2]

А мәтіні Ә мәтіні
1.
2. 1.
2.

Жазылым
Тапсырма
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай газетке шағын ақпараттық мақала жазыңыз.
[10]
1) Елімізде жаппай қолға алынған «Қоршаған орта тазалығы» акциясы басталды. Бұл шараға Сіз оқитын мектеп те атсалысты деп елестетіңіз. Өткізілген іс-шара туралы жергілікті газетке «Мектебіміз «Тазалық» акциясына белсенді қатысты» тақырыбында жергілікті газетке ақпараттық мақала жазыңыз.
2) Тақырыбында жергілікті танымдық журналдың «Сіз білесіз бе?» айдарына «Қазақстанның «Қызыл кітабы» тақырыбында ақпараттық мақала жазыңыз.

Показать ответ
Ответ:
Елена2028
Елена2028
14.04.2021 13:15

таптнба жауабн?

Объяснение:

если да то ответ на комм

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота