В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
саша8510
саша8510
27.01.2022 11:25 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі пәнінен «Ғаламтор және әлеуметтік желілер», «Қазақстандағы ұлттар достастығы», бөлімі бойынша жиынтық бағалау. 3-тоқсан. Оқушының аты-жөні
Сыныбы 7 « »
Орындау уақыты 15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі кестені толтыр. Мәтіннен етістіктің ерекше түрлерін ажыратыңдар.
1970 жылдардың соңында адамдар бір-бірімен әңгімелесе алатын алғашқы электронды хабарландыру тақталары пайда болды. Әрине, сол кезде бүгінгідей ыңғайлы болған жоқ, бірақ адамдарды ғаламторда біріктірудің бұл алғашқы қадамдары болып табылды.
Есімше Көсемше

[2]
2-тапсырма. Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жаз.
Бүгінгі таңда ұялы телефон – бұл тек байланысу құралы немесе фотоаппарат пен бейнекамера ғана емес, сонымен қатар радиомаяк. Радиомаяк арқылы абоненттің сөйлесу барысында қайда жүргені: көшеде ме әлде ғимаратта ма, не болмаса автокөлікте отыр ма, оны да нақтылауға мүмкіндік бар.

[1]
3-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді шақ түрлеріне қарай ажыратыңдар.
Сөйлем Компьтердің алдында ұзақ отыру әрі дұрыс отырмау, компьютерлік құралдарының дұрыс орналаспауы көздің талуы, бас ауруы, желке тарту, арқа, аяқ бұлшық еттерінің шаршауына, әртүрлі ауруға алып келмек. ХХІ ғасыр – ғаламтор ғасыры, өйткені оның аса үлкен, күрделі мәселелерді шешуде маңыздылығы артып отыр. 2004 жылы Марк Цукерберг «The Fasebook» (Зе Фейсбук) әлеуметтік желісінің негізін қалады.
Шақ түрі:
Жасалу жолы:

[4]
4-тапсырма. «Ғаламтордың зияны мен пайдасы» тақырыбында етістіктің райларына мысалдар жазыңдар.
Ашық рай Бұйрық рай Қалау рай Шартты рай

[4]

5-тапсырма. Көмекші етістіктермен берілген еліктеу сөздерді мағыналық түрлеріне ажыратып, екі бағанға жазыңдар.
Шып-шып терледі, гүрс етіп атылды, күрк-күрк жөтелді, саңғыр етті, жалт қарады, сарт-сұрт ете қалды.
Еліктеуіш Бейнелеуіш​

Показать ответ
Ответ:
fbnjvtlchenko
fbnjvtlchenko
21.11.2020 04:46

Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» ба жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, құм, алебастр, әк, жоса пайдаланылған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың үсті тегістеліп, алаң айналасы жалпақ тақтатастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аласа сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биікт. 6 метрлік мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында “Еңлік — Кебек” деген егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8 —9 км жерде 1917 жылы 7 маусымда М.Әуезовтің “Еңлік — Кебек пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды” деп жазылған тағы бір ескерткіш бар.[1]

0,0(0 оценок)
Ответ:
Оооооууууу
Оооооууууу
22.05.2023 23:20

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сериалындағы Баян рөлін ойнаған қыздың болмыс-бітіміне байланысты әлеуметтік желідегі көпшіліктің сынына Ереке деген бір бауырымыз мынандай пікір қалдырыпты: «…сұлулық стандартын орнатуға ешкімнің құқығы жоқ. Фильмге түскен қыздың түр-әлпетін плинтустан төмен түсіріп, мұндай пост жазғаныңыз жиіркенішті! Баян сұлуды өз көзіңізбен көрген сияқты сөйлеу не нәрсе бұл. … Шетелге ұят демей-ақ қояйық, шетел біздің эпостар тұрмақ қазақ елі бар екенін енді естіп жатыр».

Объяснение:

ЛАЙК БАСЫП КЕТІН

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота