В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Настюша1118
Настюша1118
01.12.2020 10:33 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі –құрылымы мен жүйесі дамыған, стильдік тармақтары сараланған, сөз байлығы аса мол, ұлттық тіл деңгейіне көтерілген қазақ
халқының ұлттық тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ
тілі – әлемдік тіл кеңістігінде қайталамасы жоқ, қазақтардың ұлттық
тұтастығы мен бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тіл. Қазақ тілінде
адамгершілік пен бауырмалдықты, өнеге мен ізгілікті уағыздайтын небір
көркем сөз үлгілері жасалған. Абайдың ойшылдыққа толы ұлы мұрасы,
Әуезов сомдаған көркем дүниелер ұлттық шеңберден шығып, әлемдік
деңгейдегі өркениетке үлес болып қосылуы қазақ тілінің эстетикалық,
дүниетанымдық қуатының, басқа да әлеуметтік мүмкіндігінің аса зор екенін
танытады. Жалпыхалықтық қазақ тілінің әдеби тіл, қарапайым сөйлеу тілі,
жергілікті сөйлеу тілі (диалект) тәрізді түрлері бар. Жалпыхалықтық тілдің
жергілікті сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді түрлеріне қарағанда,
әдеби тіл өзінің қырланып, екшеліп, сымбатталғанымен, тіл
тұтынушылардың бәріне ортақ нормаларының қалыптасқанымен, стильдік
тармақтарының саралана түскенімен ерекшеленеді. Жалпыхалықтық тілдің
ең жоғары формасы болып табылатын қазақ әдеби тілі қазақ халқының
қоғамдық өмірінің барлық саласында қызмет етеді. Оның қоғамдық өмірдің
бұқаралық ақпарат, көркем әдебиет, ғылым-білім, ресми, құқық, саясат
салаларында және тұрмыста қолданылатын стильдік тармақтары бар.
Қарапайым сөйлеу тілі, жергілікті сөйлеу тілі қазақ әдеби тілін байытудың
бұлақ көзі болып табылады. Қазақ тілі «өз буына өзі семіріп, өз қазанында
ғана қайнаған тіл емес». Оның өзге де ұлт тілдерімен алыс берісі бар. Сөз
қатарын ауыс-түйіс жолымен молықтыру әсіресе лексика-терминология
жүйесінен айқын байқалады. Әсіресе ауызша дәстүрде дамыған эпос, тарихи
жырлар, ақынжыраулар поэзиясы тәрізді көркем эпикалық шығармалар мен
ұлы Абай бастаған алыптар шоғырының жазба дүниелері стандартты тілдік
нормаларды қалыптастыруда рөлі айрықша болды. Сондықтан да эпикалық
шығармалар мен ХҮ-ХІХ ғғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы ауызша тіл мен
жазба тіл дәстүрлеріндегі сөз үлгілері бүгінгі әдеби тілдің нәр алатын ең
басты бұлақтары болып отыр. Өйткені әдеби тілдің ең жақсы үлгілері
жазбаша, ауызша тараған тарихи-мәдени мұраларда ұрпақтан-ұрпаққа
сабақтастығы үзілмей үздіксіз жетіп отырған. Қазақ әдеби тілін жасаушы –
халықтың өзі. Әдеби тілдің қалыптасуы мен дамуына аса көрнекті сөз
зергерлері, мәдениет, ағарту, білім мен ғылым, қоғам қайраткерлері ерекше
еңбек сіңіріп, үлес қосты. Әдеби тілдегі көркем сөз, даналық сөз, танымдық,
тәрбиелік сөз үлгілерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырды. Тілдік құралдарды саралап, талғап қолданудың үлгісін көрсете отырып, тілдің ішкі
мүмкіндіктеріне сүйене келіп, өзінің тыңнан жасаған бедерлі сөз
өрнектерімен әрдайым әдеби тілдің сапалық дамуына әсер етті. Сөйтіп, әдеби
тілдің дәлдік, өткірлік, байлық, икемділік, серпінділік тәрізді ішкі қуатын
шыңдай түсті. Тілдік ұжымның дүниетанымының кеңеюі, ақыл-ойының
кемелденуі тілдің құрылым жүйесінің дамуына әсер етеді. Ал тілдің лексика-
грамматикалық құрылым-құрылысындағы сапалық даму қоғамдық ой-
сананың түрлерін қалыптастыру мен дамытудағы, қоғам мәдениетін
жетілдірудегі, объективті ақиқат туралы әлеуметтік таным білімді
жинақтаудағы, оны шашаусыз ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі, тәрбие
берудегі, адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеудегі тілдің қызметін
күшейте түседі. Сөйтіп, қоғам тілді дамытса, өз кезегінде тіл қоғамдық
сананың дамуына да ықпалын тигізеді.Тапсырма
Мәтінді негізге ала отырып төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
 Қай тіл Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып есептеледі?
 Жалпыхалықтық қазақ тілінің қандай түрлері бар?
 Әдеби тілдің жергілікті және қарапайым сөйлеу тілдерінен қандай
айырмашылығы бар?
 Әдеби тіл қолданылатын стильдік тармақтарды атаңыздар.
 Бүгінгі әдеби тілдің нәр алатын басты бұлақтарын атаңыздар.
 Әдеби тілдің қалыптасып-дамуына кім үлес қосады?

Показать ответ
Ответ:
ксения282006
ксения282006
27.12.2021 08:30

Тарихи тұлға дегеніміз ол біздің қазақ этнонимінде ел үшін жер үшін еңбек сіңірген ірі тұлғалы адамдарды айтамыз . Мысалга елімізді басқарған Алматының өркендеуіне әсер еткен Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атамызды алар болсак . Абылай хан Мухамеджан Тазабек , әрине ұлы Абай атамыз бұл кісілер ел үшін жер үшін өз зор еңбек сіңіріп , болашақ елдің, ұрпақтың дамуына үлкен үлес қосқан жандар . Бұл тарихи тұлғалар адам ретінде де, тұлға ретінде де , ел бейнесі ретінде де болашақ ұрпаққа үлгі онеге ,және әрдайым ел есіңде мәңгі қалмақ!

0,0(0 оценок)
Ответ:
Zandrew2000
Zandrew2000
30.10.2020 16:55

Елордасы Астана болашағына айқын, әрі нық қадам басып келе жатырған жасампаз қала. Қилы замандарды басынан өткеріп келген қазақтың астанасы түрлі жерлерге табан тіреді. «Қисық таяқтың көлеңкесі де түзу болмайды» демекші тоталитарлық жүйе қазақ еліне талай зиянын тигізіп, ел ғылымы мен білімінің дамуын кертарталықпен үнемі кешеуілдетіп отырды. Тарихи дерек көздерін арқау етсек,сонау 1979 жылы қазақ жерінде неміс автономиясын құру жоспары жасалған болатын. Ал сол автономияның орталығы Целиноград болып бекітілуі қажет еді.Сол кездегі Целиноград қазіргі Астана еді. Ел ағаларының арқасында төнген қауіп сейіліп, еліміздің іргесі бүтін қалды. Өзге халықтардың көпшілігі тоқырауға ұшырап жатқанда, жаңа заманға жасампаздықпен қадам басып келе жатырған еліміздің жүрегі – Астанамыз таңдаған сара жолынан жаңылмастан мақсатына әр қадамын басқан сайын жақындай түсуде. Елбасымыздың «Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі»деген сөзімен ойымды түйіндей келе еліміздің жүрегі әрқашан соғуын тоқтатпай, көркейіп, гүлденіп, еңбекқорлығы мен жасампаздығымен әлемді таңғалдырудан талмай, «Мәңгілік ел» екенді

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота