В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
zenafedorinova
zenafedorinova
31.10.2022 19:47 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі- сан жағынан әлем тілдері ішінде 70-орында,түркі тілдерінің арасында төртінші тұрған,ал тіл байлығы жағынан үшінші орынды алады.Ең бай саналатын араб тілінде 12 миллион 300 мың сөз болса,бұл көрсеткіш ағылшын тілінде 750 мың, қазақ тілінде 600 мың,ал испан тілінде 300 мың,орыс тілінде 150 мың екен.

Тілдің қуаттылығының,өміршеңдігінің тағы бір көрсеткіші болып табылатын оның тазалық жағына келгенде,қазақ тілінің сапалық деңгейі-жоғары.Тілдер бір-біріне барынша

әсер етіп,біреулері басқалардан алып,сөздік қорын байытып жатса,кейбір тілдер жойылып кетіп жатыр. Ал қазақ тілі өзінің табиғи тазалығын сақтай біліпті.Өйткені қазақ тілінің сөздік қорының 60 пайыздайы түркілік түбір сөздер екен,яғни бұл-түркі тілдерінің ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш.

Сілтеме: bilim-all.kz

Негізгі ақпараттар Қосымша ақпараттар

II. Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша құрылымын сақтай отырып, жоспар құрыңыз.

Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, көркем үлгілері де әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған.

Халқымыз бас киімге ерекше құрмет көрсеткен. «Бас киімді тебуге,лақтыруға болмайды,босағаға емес,төрге ілу керек»деген ырымдар да соның дәлелі.

Еркектер мен әйелдердің бас киімі әр түрлілігімен ерекшеленді. Еркектердің ежелден келе жатқан дәстүрлі бас киімі – қалпақ, жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны “ақ қалпақ”, ал жалпақ күнқағары жоғары бүктеліп қайырылғаны “айыр қалпақ” деп аталды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек пішінді, төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киген. Қыста киетін бас киім “тымақ” деп аталды.

Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк құтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағылып сәндендіріледі. Қыздардың құндыз, кәмшат терісімен жиектелген бас киімдері “кәмшат бөрік” деп, алтынмен кестеленгені “алтын бөрік”, маржандармен әшекейленгені “қалмаржан бөрік” деп аталды. Барқыттан немесе қамқадан тігілген жаздық жеңіл бас киім – “тақия” үкінің үлпек қауырсынымен, күміс және алтын кестелермен әшекейленді. Алғашқы нәрестесі дүниеге келісімен жас әйел ақ матадан тігілетін бас киім – кимешек киген.

Қазақ ұлттық киім-кешектерінің тазалық сақтауға, адам денсаулығына да пайдасы зор. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау- құрметтеудің көрінісі деп бағаланған.

Сілтеме: https://kaztrk.kz/news/portal/ayak-kiim-turaly-kyzykty-derekter-56164

Жоспар:

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

а)

ә)

Қорытынды бөлім ​

Показать ответ
Ответ:
matwei123
matwei123
27.03.2023 01:58
Дәрігер-қай-қайсымызды болсын қорғайтын Алладан келген жауынгер, оққағар қалқанымы. Нағыз дәрігер қаншама адамның көңіліне шарапат сеуіп, өміріне шипанұр сыйлайды. Адам болып дүниеге келген сәттен бастап оның ең бірінші құқығы-өмір сүру. Құқық деген әрбір сала бойынша заң жүзінде бекітілген. Дәрігердің атап айтатын құқықтарын білгені медицина саласына көптеген жеңілдік береді. Осы құқықтарға сай істелген жұмыста еш уақытта шалалық болмауы тиіс. Қазіргі заман талабына сай дәрігердің барлығы да өзінің құқығы жайлы мәліметті біле жүргені артық болмас еді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Finikotik
Finikotik
29.03.2020 04:23

Объяснение:

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында.

Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфроқұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді.

«Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».

Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді.

Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда.

Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота