В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Кекушка36
Кекушка36
24.04.2022 20:23 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі Сынып: 6 03.03.2021 ж. Бөлім Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз.

Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының балаға қатысты салт-дәстүрлерінің маңызы. Құттықтау түрлері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.3.1 ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазу.

Бағалау критерийі Ауызекі және әдеби сөйлеу стилін, тілдік ерекшеліктерін анықтайды

Құттықтауды жанрлық, стильдік ерекшелігіне сай құрастырып жазады

Сабақ уақытын жоспарлау: 30 минут-синхронды қашықтықтан оқыту

10 минут-асинхронды қашықтықтан оқыту

Сабақ барысы

Кезеңдер Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

5 минут Қызығушылықты ояту.

Берілген суреттер бойынша өз ойыңызды айтыңыз.

Бөлім мен сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын таныстыру, талдау.

Сабақтың ортасы

5 минут

18 минут

10 минут

Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Құттықтау дегеніміз - жақын адамыңды, бауырыңды, туған-туыстарыңды, отбасыңды мерекелік лебіздерге толы тілектермен құттықтау. Құттықтау ресми ісқағаздар стиліне жатады.

Құттықтаудың екі түрі бар: ресми және ресми емес (бейресми). Бұл екі түрі ресми іс-қағаздар стиліне, ал көпшілікке арналған сөздер (той, мереке кезіндегі тілек сөз) ауызекі сөйлеу стиліне жатады.

Ресми құттықтаулардың мәтіні ресми іс-қағаздар стилінің талаптарына сай ықшам, орнықты келеді, ондағы сөздерді орынсыз өзгертуге болмайды.

Ресми құттықтау мекеме қызметкерлеріне, мекеме басшыларына ресми тілде, белгілі тәртіппен жазылады. Ресми құттықтау көбіне жіктік жалғауының 2-жақ сыпайы түрінде жазылады.

Ресми құттықтаулар, мемлекеттік марапаттаулар. Елімізге қатысты өзге мемлекеттердің құттықтаулары, ҚР-ның марапаттаулары.

Ресми құттықтаулардың мәтіні ресми іс-қағаздар стилінің талаптарына сай ықшам, орнықты келеді, ондағы сөздерді орынсыз өзгертуге болмайды.

Бейресми құттықтау бауырына, туған-туыстарына, отбасы мүшелеріне еркін тілде жазылады. Мұндай құттықтаулардың мәтіні еркін, сөздері құбылмалы болады. Құттықтаудың өзіне тән тілдік бірліктері, сөз оралымдары болуы керек. Тілдік бірліктерге қаратпа сөз, бейнелі сөздер, тілек мәнді білдіретін сөздер, ізгі ниет пен құрметті білдіретін сөздер жатады, яғни эмоционалды-экспрессивті сөздер басымдық танытады. Құттықтау мәтінінде құттықтаушының эмоциясы, көңіл-күйі, жылы лебіздері айқын байқалады. Құттықтауда тілек мәнді, ізгі ниет пен құрметті білдіретін сөздер орын алуы керек. Тілдік бірліктер арқылы құттықтаушы адам бауырын, туысқанын, жалпы отбасын мерекемен құттықтап, өзінің жылы лебізі мен тілектерін білдіріп жатқанын байқауға болады.

Құттықтаудың да өзіне тән мазмұндық-құрылымдық жүйесі болады.

Мінездеменің жанрлық-стильдік ерекшеліктері:

Кіріспе бөлімде құттықтаушы құттықтайтын адамын мейрамымен құттықтаса, негізгі бөлімде жылы лебізін, ақ тілектерін білдіреді, ал қорытынды бөлімде кімнің атын құттықтап отырғанын жазады. Құттықтау бірінші жақта, жіктік жалғауы жалғану арқылы, келер шақтағы жай немесе құрмалас сөйлемдердің қатысуымен жасалады.

Ж. 1-тапсырма. Екі мәтінді мұқият оқыңыз. Кестеге сүйене отырып, мәтіндерді салыстырыңыз.

А мәтіні

Қаз, қаз балам десіпті,

Күрмеуіңді шешіпті.

Ала жібін ешкімнің,

Аттама деп кесіпті.

Қаз, қаз басып келер деп,

Қадамына сенер көп.

Тоқ ішекпен кесіпті,

Тоқшылыққа кенел деп.

Қуанышқа бөленбек,

Әр қадамы еленбек.

Көк шөппенен кесіпті,

Көктеп өсіп, көгер деп.

Тұсауыңды кесейік,

Күрмеуіңді шешейік.

Алға қадам баса ғой,

Азамат бол,есейіп.

Дәстүрге бай халқым бар,

Аласармас даңқым бар.

Бабалардан жалғасқан,

Тұсаукесер салтым бар.

Ә мәтіні

Құрметті ағайын, бүгінгі Мирас жиеніміздің қуанышты тойы құтты болсын! Шілдехана тойында нағашылары берген құлыны тай болып, ата дәстүрімізді сақтап, бүгінгі күні ашамайға мінгізу өткізіп жатыр екенсіздер. Той шашусыз болмайды. Әрине, біз сый-сияпатсыз келмедік. Жиенжанға көз тимесін деп үкі тағылған бөрік пен тайына арнап жасатқан ашамай және қамшы алып келген едік, соны табыстайық.

Жиенжан, ортаға кел. Пай-пааай! Жиенге қарасақ, көз тоймайды, керемет! Айналайын, ашамай тойың құтты болсын! Ғұмырлы бол!

Мәтіндер Мазмұны Стилі Тілдік ерекшеліктері

А мәтіні

Ә мәтіні

ҚБ. Бірін-бірі бағалау

2-тапсырма. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, бауырыңыздың тұсау кесу рәсіміне арнап құттықтау мәтінін ​


Қазақ тілі Сынып: 6 03.03.2021 ж. Бөлім Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз.Са

Показать ответ
Ответ:
Anastasia5555633
Anastasia5555633
04.12.2021 07:33

Адамның өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Бізді ештеңе мазаламай, еш жеріміз ауырмай тұрғанда, дүниені төңкеруге, маңызды шаруалармен айналысуға дайынбыз. Ал ауру келсе, ештеңеге зауқымыз соқпайды, өмірдің мәні кеткендей болады. Шынында, денсаулықпен проблема болмағанда, бұл туралы ойланбаймыз. Ал қалай ауру келеді, бар шаруа шетке ысырылып, денсаулық ең бірінші орынға шығады. «Қай жерің ауырса – жаның сол жерде». Денсаулыққа көп фактор әсер ететіні белгілі: тұқымқуалаушылық, қоршаған ортаның ластануы, денсаулық сақтау органдарының деңгейі,бірақ ең алдымен белгілі бір адамның өмір сүруі образы көбірек себепші болады.

Денсаулықты бала кезден сақтаған жөн. Өйткені «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» әлдеқайда оңай әрі тиімді. Бүгінгі таңда денсаулықты құртатын тағы бір себеп: артық салмақ не салмақтың жеткіліксіздігі. Артық салмақтылардың көбінде қант диабеті, артрит, жүрек-қантамыр ауруларымен ауыру ықтималдығы жоғары. Яғни деннің сау болуы үшін дұрыс тамақтанудың орны маңызды. Дана халқымыз «Ауру – астан» деп бекер айтпаған. Сау адамның тамақ рационында ақуыз бен майлар, көмірсу жеткілікті мөлшерде болуы шарт. Ет пен сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, табиғи әрі құнарлы тамақтарды пайдаланған абзал. Тез дайындалатын тамақтар (пицца, гамбургер, қытырлақ чипстер мен фри, т.б.), газды сусындар, көп мөлшердегі қант, дүкен йогурттары мен тәтілерінен бас тартқан жөн.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ratmir2rat
ratmir2rat
16.12.2021 10:55

ответ:Қазіргі заманда шет тілдердің қажет екенін бәріміз білеміз.Өзге тілдерді білу арқылы басқа елдерге барып,жаңа достар таба аламыз.Ал егер,біз шет тілді білмесек,көп жерге барып қыдыру қиындық тудыратын болады.Сол себептен,шетел тілін білу үшін көп кітап оқып,сөздерді жаттауымыз қажет деп ойлаймын.Егерде,өзге тілдерді үйрену қиын болса,оларды өлең шумақтары ретінде есте сақтауға болады.Күніне 20-25 сөз білу арқылы,1-2 жыл ішінде ағылшын тілдерін меңгеріп алу мүмкіндігі зор.Қорытындылай келетін болсақ,өзге тілді білу бізге көп көмегін тигізеді.Сол себептен,көп кітап оқып,тілдерді үйренейік

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота