В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
2РАД11
2РАД11
22.04.2022 04:27 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі Т1» пәнінен 1-тоқсан бойынша бақылау тапсырмалары 7-сынып Оқылым. Тапсырма Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

А мәтіні

Тәні саудың - жаны сау

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз де білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты және өзі шыдамды болады. Біздің ата- бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау» - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен болса да айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл немесе ауыр, ұзын не қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай-ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.

Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей: «Бірінші байлық – денсаулық. Екінші байлық – ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық» - демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. (169 сөз) https://surak.szh.kz/574424

1.Кемеңгер Ибн Сина өз сөзінде не айтқысы келді?

A. Әдетте, тәні сау адамның жаны да сау болады.

B. Спорт мағынасына қарай жеңіл немесе ауыр болады.

C. Спорт түрі әркімнің өз таңдауына байланысты болады.

D. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты болады. [1]

2.Қазақстан халқының спортпен айналысатындығы қай абзацта айтылған?

A. І B. ІІ C. ІІІ D. ІҮ [1]

3.Халқымыз: «Бірінші байлық – денсаулық» - деген, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз. [3]



Ә мәтіні

Қазақстанның дәрілік өсімдіктері

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүниежүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшілерінің емдерін кеңінен қабылдауда.

Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбісі табиғи жолмен алынған дәрілерді артық көре бастады. Мысалы, Жапонияда фармацевтикалық жолмен алынған препараттарды сатып алу 2,6 есе өссе, табиғи жолмен алынған дәрілер 15 есе өсті. Қытайда 1993 жылы өсімдіктерден алынған дәрілер сатудың жалпы бағасы 2,5 млрд. доллар болды.

Америка Құрама Штаттарында дәрігерлердің жазған рецепттерінің 25%-ы өсімдік препараттары. Халықтың арасында сұрау жүргізгенде сол мәлімет берген адамдардың Голландияда және Бельгияда 60%, Англияда 74% қосымша медицинаны халықтың пайдалануға мүмкіншілігі болу керек деген. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде дәрілік өндірісті дамыту үшін әрине көп уақыт керек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет. (164 сөз)

http://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=3&id=395

1.Азия мемлекеттерінде қандай ем қолданады?

A. медицина мен халық емін B. дәстүрлі ем

C. халық емін D. медицина емін [1]

2.Табиғи жолмен алынған дәрілерді тұтыну туралы ақпарат қай абзацта?

A. ІІ, ІІІ B. І, ІІ

C. І, ІІІ D. барлық абзацтарда [1]

3.Не себепті дәрілік өсімдіктерге сұраныс артып отыр?

Мәтіннен бірнеше дәлел келтіріп, 4-5 сөйлеммен жауап беріңіз. [3]

Жазылым

Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат) жазыңыз. Шамамен 100-150 сөз болуы тиіс. [10]

1. Атмосфераның ластануы туралы журналға мақала жазыңыз.

2. Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Адамның дені сау болу үшін не қажет екендігі туралы әңгімелеңіз.

Жалпы:

Показать ответ
Ответ:
tasyakondrateva0
tasyakondrateva0
10.03.2022 19:46
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
Менің өмір сүру салтым сондай :
Сағат 8:00 тұрып, төсекті жинап, жуанамын. Суды ішіп, жаттығу жасауды бастаймын. Жаттығу істеген соң, тағы да жуынып, мен таңғы асты жеймін, таңғы аста мен адамға жаман газировка, чипсы, хлопья жемеймын, себебі олар адам ағзасына зиян. Таңғы асқа мен ботқаны, шай және нан мен май жеймін, тамақты ішіп болған соң мен киініп, сабаққа барам. Мен мектепке өзімен әртүрлі көрінісі жемістерді әкеліп, жеймін. Сабақтан соң, кешкі асты жеймін, кешкі асты қатты тойып алып жеуге болмайды. Кешкі асты ішкен соң, сабақты оқып, сағат 21:00 ұйқыға жатам.
0,0(0 оценок)
Ответ:
pavunoxe
pavunoxe
22.11.2020 05:38
Менің Отаным - Қазақстан Республикасы. Бұл бай тарих, ежелгі мәдениет және бірегей табиғаты бар ұлы мемлекет.Қазақстанның минералдық байлығы табиғи ресурстарға бай: газ, мұнай, көмір, қара және түсті металдар, Қазақстанның әрбір азаматы тәуелсіздік алған 1991 жылғы 16 желтоқсанда маңызды күнді еске алады.Бұл бүкіл Қазақстанды тойлайтын басты оқиға, біздің мемлекетіміздің сүйіспеншілігі болашақта гүлдену кепілі. Енді жаңа ғасыр келіп, жаңа ұрпақ елге қолдау көрсетуі керек. Сондықтан бізге үйрену керек. Сонда біз Қазақстанға көп пайда әкелеміз, өйткені біздің елімізде білім мен білімге мұқтаж адамдар бар.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота