Қазақтың қыз-келіншектері соңғы кездері жоғалып бара жатқан киіз басу өнерін
қайта жаңғыртып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасай бастады. Қолдан жасалған
бағалы бұйымдар ЭКСПО -2017 халықаралық көрмесінде туристер назарына
ұсынылмақ.
Шетелдік қонақтарды қызықтыратын да осы қолдан жасалған қолөнер
бұйымдары. Әсіресе, ұлттық нақышта дайындалған кәдесыйларға деген сұраныс
жоғары.
Айжан Бекқұлова, Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы:
• Әрине, тек сыйлық ретінде ғана емес, сондай-ақ тұрмысқа қажетті текемет,
қамзол, көйлек, етік, қолғаптардың да сан түрін жасауға болады. Қазір қолдан
жасалған экологиялық таза заттарға сұраныс жоғары. Сондықтан да біз
Қызылордада туризм саласын дамытуға жұмыс жасап жатырмыз. Әуелі қыз-
келіншектерді оқытып, үйретіп алмақпыз. Сонан соң дайын өнімдерді көрмеге
қою, сайттарға шығару, сату жұмыстарымен айналысамыз. Маған тренингке
қатысып жатқан қыздардың белсенділігі өте ұнады. Барлығының да
қызығушылықтары мол, ерекше ынта-жігермен іске кірісіп кетеді . Қазақы
дәстүрді жалғастырып, жүннен қолөнер бұйымдарын жасау – өте маңызды кәсіп.
Мәтіндегі негізгі идеяны анықтаңыз
Нарқызыл
Абылай туралы тарихи жырларда 15 жасар Абылайға Бөгенбайдың бата беріп, астындағы Нарқызыл атын сыйлайтыны айтылады. Сондағы Бөгенбайдың айтқан сөзі:
«Жылқының тұлпары еді Нарқызылым»,
Шырағым, ырым қылып сен мін деді.
Қарағым, уытты-отты бала екенсің,
Мінез-құлқың тұп-тура дана екенсің,
Жазғытұрым үш жүз боп жиналамыз,
Сол жиынға керекті жан екенсің.
Шырағым, таза сақта Нарқызылды,
Есіңе ал, кек алатын келер жылды.
Жоңғарға қарсы үш жүздің бірігіп Қарақұмда құрылтай (съезд) өткізіп біріккен әскер жасақтауын 1723 жыл десек, бұл оқиға бір жыл бұрын 1722 жылы өткенге ұқсайды. Бөгенбайдың Нарқызылды көзіңнің қарашығындай сақта және екі рет тұлпар деуіне қарағанда Нарқызыл шынында да тұлпар болса керек. Нарқызылды астына мініп, өзінің бұрынғы өткен бабасы Абылайдың атын атап аруақ шақыруы жырда былайша суреттеледі:
Сабалақ атақ алып «Абылайлап»,
Барша қол «Абылайлап» айғай салды.
Көк те «Абылай», жер де «Абылай» -
Бәрі «Абылай»,
«Абылайлап» айғай салды бір жан қалмай,
Нарқызылмен жөнелді қарсы алдына,
Ақ туды желбіретіп салып айғай.
Абылайлап ұран салған үш жүздің әскері жауды жеңіп, Абылайдың қолбасшы атағы бүкіл қазаққа мәлім болады.
Алшаңбоз бен Құлаша ат
Тағы бір тарихи әңгімелерде әскердің алдына салтанатты түрде шыққанда Абылайдың Алшаңбозы және ұрысқа мінетін Құлаша аты туралы сөз болады. Демек, ханның бірнеше аты болғанға ұқссайды. Халық алдында сөз сөйлегенде, әскер алдына шыққанда, Алшабандозды мінген.
Қубас ат
Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.
Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.
Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.