В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Марина1000001
Марина1000001
03.01.2023 05:59 •  Қазақ тiлi

Қажымұқан 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезіне қарасты Сарытерек болысының Жәдік деген елді-мекенінде дүниеге келген. Қажымұқанның әкесі кедей шаруа болғандықтан, оның балалық, жастық шағы жоқшылықта өтіп, орыс байларына жалданып, жұмыс істейді. Уақыт өте келе күрес жолына түсіп, той-жиындарда халықтың назарына ілігіп, бала балуан деп атанады. Қажымұқан қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой балуан. Күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, бәсекелестерінен басым түскен Қажымұқан әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ батыры. Дүниежүзінің 28 мемлекетін аралап, қоржынына 56 медаль салып, қазақтың атын бүкіл әлемге танытқан. Көрші жатқан Ресей жерінің өзінде де Қажымұқанға тең келетін балуан жоқ еді. Иван Поддубный, Иван Шемякин, Иван Заикин, Алекс Аберг, Георг Лурих, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды балуандармен бірге боз кілемді сарғайтып, күштері таудай балуандарды шеттерінен жығып, алтыннан алқа таққан Қажымұқан қазақ жерінің нағыз мақтанышына айналған.

1906 жылы Алманияда өткен дүниежүзілік жарыста Қажымұқан бәсекелестерін тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанады. Бірақ , орыс басшылығына қазақтың аты шығып жатқаны ұнамай, Қажымұқанды орыс есімімен өнер көрсетуге мәжбүрледі. Қазақ батырына «Иван Чёрный» есімі қойылып, азан шақырылып қойған есімін жариялауға тыйым салынды. 1909 жылы өткен Халықаралық жарыста Мұқан жарыс алаңына «Қара Мұстафа» деген атпен шығады. 1910 жылы Оңтүстік Америкаға келіп, Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында ұйымдастырылған жарыста Америка чемпионы атанады.

Кейін Мұқан поляк қызымен отау құрып, оған Бәтима деген ат береді. Патша үкіметі де құлдыраған соң , 1937 жылы «Бұл патшаның адамы, оның қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы» деген сылтаудың кесірінен Мұқан қудалауға ұшырайды. Сөйтіп, Мұқан отбасын тастап, көрші жатқан Өзбекстан жеріне қаңғырып кетеді. Өмірінің соңғы сәттерін киелі Түркістан жерінде өткізеді. Талай жандардың өмірін қиған екінші дүниежүзілік соғыстың суық лебі орыс жеріне жақындай бергенде, Мұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевтың кабинетіне келіп, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» деген ұсынысын білдіреді. Сөйтіп, екі жылдай циркте еңбек етеді, өзі жинаған 100 мың сом қаражатын қорғаныс қорына жіберді.

Мұқан 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданына тиісті Ленин туы атты колхозда қайтыс болған. Мұқан атамызға арнап Темірлан ауылында ескерткіш орнатылған. Астана, Шымкент қалаларында стадиондарға балуанның аты берілген және бірнеше қалаларда Қажымұқан атындағы көшелер бар.

ІІІ. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

- «Қазақ балуаны» деген сөз тіркесін қалай түсінесің?

- «Балуан» деген атау кімдерге беріледі?

- Балуан Шолақ, Жақсылық Үшкемпіров, Қажымұқан Мұңайтпасов туралы не айтар едің?

- Қажымұқанның үлкен күрес өнеріне келуіне кім себепші болды деп ойлайсың?

- Мұқанның Қажымұқан аталып кетуінің себебі неде деп ойлайсың?

- Күш атасы Қажымұқанның күрес ойындарында алатын орны жайында не айтар едің?​

Показать ответ
Ответ:
AAMB
AAMB
04.06.2021 21:46

Мәдениет – кеңінен қолданылып, күнделікті тұрмыста жиі айтылып жүрген сөз. Адамзаттың ертеден өмір сүріп келе жатқанындай мәдениет те ертеден келеді. Мәдениет – деген сөз өзінің толық мағынасында адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.

Мәдениет дегеніміз – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.

Ұлы Қазан төңкерісіне дейін қазақ елі патшалық Ресейдің артта қалған отары болып келді. Ол кезде қазақ арасында сауатты адамдар бірен-саран ғана табылатын еді. Театр, клуб деген болмады, қазақ тілінде кітап та шықпады, яғни бұдан халқымыздың мәдениеті мен өнерінің еміе еркін өмір сүріпдамуына тосқауыл жасалынды.

Кеңес үкіметінің орнауы, қазақ халқының көзін ашып, бірқатар маңызды істер атқарылды. Атап айтсақ қысқа мерзім ішінде сауатсыздық жойылды, білім беру жүйесінің негізі қаланда, мәдени ағарту мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы жолданды. Алайда Кеңес үкіметінің біржақты саясаты одақтас Республика халқының дәстүрлі мәдениетін, тілі мен өнерін дамытуды жоспарламады. Әсіресе қазақ халқының ана тілі мен діні, салты ауыр жапа шекті. Халықтың кәсіби мәдениеті мен дәстүрлі өнері бірдей қжымға ұшырады.

Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығын артта қалдырған еліміз үшін Қазақстанның ХХІ ғасырдағы болашағы көп жағдайда тұрақты ілгері дамып отыруында соңғы жылдарында ауыл тұрғындарының рухани өмірін зерттеуге ерекшеден қойыла бастады.

Ауыл тұрғындарының мәдени өмірінде болып жатқан сан алуан түбегейлі өзгерістер мен қоғамдағы жаңа этникалық процестер, мәдениет пен тұрмыс саласындағы дәстүрлі және жаңа үрдістерді этнографиялық тұрғыда зерттеу нәтижесінде өзгерістердің бағыт бағдарын анықтауға мүмкіндік береді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
selena26
selena26
04.06.2021 21:46

Қазақ халқы сонау ертеден сүт өнімдерін ардақ тұтқан халық. Әжелеріміз ақ сүттен неше түрлі тілді үйіретін өнімдер даярлаған. Құрт, айран, сүзбе, қаймақ, май ... Сірә дәмін татып, тамсанбаған қазақ жоқ болар?! Ал бүгінде заман басқа,  адамдардың өмір сүру дағдысы да басқа. Бұрынғыдай әр қара шаңырақ мал-жандарын асырамайды. Бұл  құрт-қаймақты жасайтын арнайы фабрикалардың ашылуына және солардың кәсібін жаңғыртуға үлкен себеп болды. Сүт өнімдерін даярлау үлкен кәсіпкерлік жұмысқа айналды. Бүгінде елімізде бірнеше Сүт өнімдерін шығаратын фабрикалар жұмыс атқарады. Сол фабрикалардың ішінде сапасымен де, нәтижесімен де ерекшеленген 

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота