В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Ландыш098
Ландыш098
22.08.2022 17:39 •  Қазақ тiлi

Бүгінгі күні тәуелсіздікке қолы жеткен азат елміз. Иә, тәуелсіздікке қолы жеткендерде де бар, жетпегендер де бар. Бірлігі жарасқан халық та, түрлі ұлт пен ұлыстар, этностар да, сарқылмас қазына, әсем қала, көрсе көркі тартар табиғат та, биік шың, көл мен теңіз де бәрі-бәрі Қазақстанымыздың байтақ жерінде кеңінен таралған. Ел ішіндегі татулық пен бірлікті, өзара құрмет пен жарастықты нығайту жолындағы елбасымыздың атқарған қызметтерін мақтанышпен айта аламыз. Кім болмасын келер күнін тек жақсылықпен тосатыны хақ. Біз бейбіт елдің астында таңымызды атырып, күнімізді батырып жүрміз. Біз бақытты елміз. Сол бақытты бағалай білу керек. Осындай киелі шаңырақта өмір сүріп жатқан әрбір жан алтын уақытын тектен текке емес тәуелсіздіктің сақталуы жолында жұмсағаны абзал. Тәуелсіздік бізге аспаннан келіп түскен жоқ. Ата-бабамыздың елімнің болашағы деп соққан жүрегі, ақ білектің күші, ақ найзаның ұшы, қырағы батырларымыздың қайтпас қайсарлығы, ақын-жырауларымыздың халықты бірлікке шақырған толғауларының өзі тәуелсіздік шыңына жетуге итермеледі. Сан ғасырлық тарихымызда елі үшін құрбан болған, мақтаныш тұтар тұлғаларымыз аз болмаған. Ол тұлғалар халықты арманына жеткізді. Біз тәуелсіздік секілді ұлттық мерекені елемей қалдырмауымыз керек. Жан-тәнімізбен, жүрекпен сезініп, өткен тарихымызды еске ала білу қазақ халқы үшін міндет. Тәуелсіздік — елдің тойы. Бірлігі жарасқан Қазақстанымыз талай күнді артқа тастап, қазіргі уақытта қарқынды даму үстінде. Ел ішіндегі ынтымақтастығымызбен, елбасы құрған салиқалы саясатымызбен, дамыған эконмикамызбен өзге елдерге үлгі бола білдік. Баға жетпес қазынамыз, бізге келген — тәуелсіздігіміз. Осы қасиетті құндылығымызды сақтайтын күш бар. Ол күш — бірлік деп аталады. Бірлік болмаса, қандай да бір асып тасып бара жатқан мықты ел болмасын күлі көкке ұшып кететіндігін, бізге тарихта қалған дүрбелең жылдар дәлелдеп кеткен болатын. Тәуелсіздіктің тамырында көпшіл халық, егемендік, жасампаз рухымыз жатыр. Тамырын тереңге жайған азаттығымыз қашан да ел жадында. Отанымыз тәуелсіздік жолында да әрдайым биікте тұрады. Қазақстан — өзгеге құшақ жая білген дархан халық. Тәуелсіздік жолында ел ішінде талай қызметтер атқарылып келеді. Оның барлығы халық мүддесі мен игілігі үшін. Қазақстанымыз туралы мақтанып айтарымыз көп. Алдағы жарқын болашақ біздің қолда. Тәуелсіздік отын өшірмей сақтау жолында алда талай іс күтіп тұр. Бейбіт еліміздің әр күні жаңа жетістіктер мен жағымды жаңалықтарға толы болсын! Осы мәтінге өтінемін ​


Бүгінгі күні тәуелсіздікке қолы жеткен азат елміз. Иә, тәуелсіздікке қолы жеткендерде де бар, жетпег

Показать ответ
Ответ:

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.

Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.

1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.

1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.

1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.

1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.

Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.

1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.

Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ilyakuhs228
Ilyakuhs228
06.11.2020 04:37

Иә, сонау заманнан беріге жеткен бұл сөздің мағынасын бәріміз білгенмен, құрамындағы сандарға баса назар аудармайтынымыз жалған емес. Сөзді оқып "алты адам сөзге келсе – істің қайыры болмайды, ал, төрт адам біріксе – тасы жеті қат жер астында жатқан қамалды да алады" деп ұғынуымызға болады. Дегенмен, аталы сөздің астарына үңіліп, нақты не түсіндіргісі келгенін білуіміз шарт. Алты саны – біз үшін Алаш сөзімен үндес. "Алаш" қалың қол, мыңды білдіреді. Яғни, көпті, жүз үй адамын, бүтіндей бір қазақты меңзейді. Демек, бұл сөзде "алты саны" санның, мөлшердің емес, сөздің мәнін түсіндірді. Енді, "төрт" санына назар аударсақ, бұнда – тек бір үй мүшелерін айтқысы келген. Мысалы, бір шаңырақта төрт адам болса – атасы, енесі, келіні, отағасы, баласы. Міне, бұл – бір шаңырақ астындағы төртеу дегенді білдіреді. Төртеу – бір үйден асып әріге бармайды. Алтау – ол көп. Мың болуы мүмкін, он мың болуы мүмкін. Алтаудың түгелі – Алаштың тыныштығы, берекесі, ынтымағы. Ал, төртеудің түгелі – шаңырақтың берігін білдіреді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота