В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
GgWp2213
GgWp2213
08.04.2023 22:37 •  Қазақ тiлi

Білім сөзіне сөйлем құрау бастауыш және баяндауыш болу керек

Показать ответ
Ответ:
ekaterinka21041
ekaterinka21041
03.09.2022 23:28
Кісінің көркі киім емес - білім
А жаратылғаннан бері қаншама қыйлы замандар өтті. Адамзат қанша қиыншылық пен жоқшылықты, соғыс пен аштықты басынан кешірді. Бірақ сондай қиыншылыққа қарамастан а әрқашанда қиындыққа мойымай алдыға жылжуда. Қазіргі кездегі а ң жеткен табыстарын қарастыра кетсен. Бағзы замандардан бері адамзат қауымы даму үстінде, ол ешуақытта бір орында тұрған емес. Адам өз жаратылысынан бір нәрсе көрсе соған қызығып, зерттегісі келіп тұрады. Бұл адамның ойлау қабілетінің дамуына жақсы әсер етті. Осы кезге дейінгі жеткен барлық жетістіктер - білім арқасында. Егер адамдарда білім болмаса онда адамзат қауымы ешуақытта дамымас еді. Білімді адам - мыңды жығады деп бекер айытпаған. Баяғы заманнан бері адамның киіміне қарап мынау білімді кісі деп айытпаған. Адам жақсы киініп алып өзін дөрекі ұстауы мүмкін. Ал білімді, ақылы мен иманы бар  адам ешуақытта ондай қылықтарға жол бермейді. Сондықтан да кісінің көркі киімінде емес - ол білімінде.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Asilkhab5509
Asilkhab5509
05.11.2022 00:42

Бауырсақ туралы ертегі (орыс халық ертегісі).

Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Бір күні қарны ашқан шалы кемпіріне: "Кемпір -ау, қамбаның түбін қағып, маған бауырсақ пісіріп берсеңші" депті.

Кемпір қамбаның түбін қағып, елеуішпен елеп, ақырында екі уыс ұн шығарыпты.

Сол ұн мен қаймақты қосып илеп, дөңгелетіп, ыстық майға қуырып, бауырсақ жасапты. Бауырсақ піскен бетте жемей, шал оны суыту үшін терезенің көзіне қойыпты.

Бауырсақ суып тұрып, бір кезде домалай жөнеліпті. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.

Бір кезде алдынан қон шығып: "Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін" депті.

Сонда бауырсақ қоянға: "Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін депті: «Менің атым Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын қоян саған да!»

Содан бауырсақ ары қарай домалай жөнеледі. Бір кезде алдынан қасқыр шығады да: "Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін" депті.

Сонда бауырсақ қоянға: "Қасқыр, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін депті:

Менің атым – Бауырсақ,

Қызарып пістім – көңлім шат.

Қамбаның түбін қырнаған,

Елеуішпен елеген.

Қаймақпенен илеген,

Күйдірмей майға пісірген.

Атайдан да құтылдым,

Әжейден де сытылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқыр сенен сытылу,

Қиын емес – бұл маған!

Сонымен қасқырдан да құтылып, ары қарай домалай жөнеледі. Аюды кездестіріп, оған да өлең айтып, қаша жөнеледі.

Одан кейін алдынан түлкі шығып, бауырсақ өлеңін тағы да айта жөнеледі. Бірақ қу түлкі өз айласын асыру үшін "Өлеңін жақсы екен, бірақ менің құлағым нашар естиді. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы" -дейді.

Түлкінің тұмсығына домалап шығып, өлеңін айтады. Сол кезде Түлкі

ұстап алып, жеп қойған екен.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота