Бұл үзінді Марат Қабанбаевтың “Бауыр” әңгімесінен берілген.Әңгімеде тағдырдың тауқыметімен жолдары екіге айрылған ағалы-інілі Қали мен Манаптың кездесуі туралы айтылған. Берілген үзіндіде Манаптың бұлай ойлауы орынды деп ойлаймын.Себебі,Қалидің бұны жатсынып,көп әңгімеге тартылмай отырды.Қали оны ес білгелі көрмеді әрі екеуі әртүрлі ортада өсіп,жетілді емес пе?Төтеден шапқан жау секілді балалар үйіне Манаптың ойда жоқты келуі,әрине,Қали үшін күтпеген жағдай.Манаптың бұл ойынан оның байқампаздығын,ересектігін және түсінігі мол жан екенін байқауға болады.Себебі,ол інісіне "Неге бұлай жатсынасың?Мен сенің ағаңмын ғой?" деп бас салған жоқ.Манаптың орынында болсам,мен Қалиге алдын ала өзімді таныстырып,осындай бауыры бар екендігін біліп жүрсін деген ниетпен хат-хабар алысар едім.
Жазу — адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы, кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен. Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарда да пайдаланылған. Үндістер соғысатынын хабарлау үшін қарсы жаққа айбалта жіберетін болған. Елші оны әкеліп жерге қояды, егер жау жақ оны көтерсе — соғысуды мақұлдағаны. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы Ж. пайда болған.