Бұлақ көзі тазаланып, Мөлдір су сықылықтап күліп ақты. Тұнық судан ары-бері жүрген адамдар мен жануарлар бір сімірмей өтпейтін болды. Бұл Лай суға ұнамады. Ол Мөлдір суды лайламақ болып, өз арнасын бұрды. Мөлдір судың үстін бастыра ақты. Бірақ жер астынан қайнап шығып жатқан Мөлдір су өңін бұзбай, сол қалпында аға берді. Лай су жаман ойының іске аспағанына ыза болды.
- Өзеннің бұл арнасына мен иелік етуім керек, - деп кеудесін қақты.
- Онда Көлге барайық. Әділдікті сол айтсын,- деп Мөлдір су Лай суды келісімге шақырды.
Екеуі Көлге келді.
--Уақыт деген ,ол дүниедегі ең қымбат зат. Уақыт қайта оралып келмейді.Уақытты дұрыс пайдалану керек.
--Уақытты дұрыс пайдалану үшін не істеу керек ?
--Уақытты дұрыс пайдалану үшін әрбір істі ақылмен уақытында істеу керек.Уақытты дұрыс пайдаланған адам үлкен жетістіктерге жетеді.
--Уақытты дұрыс пайдаланбасаң не болады?
--Уақытты дұрыс пайдаланбасаң үлкен жетістіктерге жете алмайсын.
--Ал сен уақытты дұрыс пайдаланасын ба ?
--Мен уақытымды босқа өткізбеймін. Мен көп кітап оқимын, спортпен айналысамын, мектептегі үйірмелерге қатысамын.
--Сенің мектебіңде үйірмелер бар ма ?
--Біздің мектепте көп үйірмелер бар.
--Ендеше мен де үйірмелерге қатысып, кітап оқып үақытымды босқа өткізбеуге тырысамын.
--
--