Бір қарт ұста күні-түні тынбай іс соғып отырады екен. Оған көрші, заманындағы бір зор бай, Броун дегеннің баласы ойнап жүріп қызыққа күнде ұстаға келіп, іс соққанына қарап тұрады екен. Бір күні ұста мырзаға айтты: — Төрем, қарап тұрғанша, тым болмаса, шеге соғуды үйренсейші, кім біледі, бір күндерде сол өнердің де керегі болар. Бала нем кетеді деп, күнде мазаққа шеге соғып жүріп, бірнеше күнде жақсы соғуға үйреніпті. Мұнан соң бірнеше жылдар өткен соң, жұртында қатты жаугершілік басталып, Броунның мал-жаны таланып бітіп, өзі қатын, баласымен қашып шығыпты. Сонымен, ішерге-жеуге, киюге де кем-тар соғып, бір қалада жүрген уақытта, қаланың әкімі бұйрық шашты:
Әскерге көп етік керек, жақын жердегі қалалардың сататын мығы таусылды, мық даярласын, – деп. Сонда манағы мырзаның мазаққа үйренген өнері есіне түсіп, патшалық етікшілерге хабар салды:
— Егер көп мық-шеге керек болса, мен пөдіретін аламын, – деп. Етікшілер істеген мығын керіп ұнатқан соң, әскердің етігіне мық істеудің міндетін алып, көп мал тауып, ақыр өміріне дейін кемдік көрмей өтіпті.
1. Мәтін не туралы?
2. Броун нені жасап үйренеді?
3. Қаланың әкімі қандай бұйрық шығарды?
4. Ақыр өміріне дейін қалай өмір сүрді?
Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына. Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады. Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары. Сіздің үйіңіз, материалды жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында. Болмысыңыз бен пішініңіз, сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз - құндылықтың бір түрі. Сонымен қатар, іске аспай жатқан құндылықтар да болады: үйлену, тұрмыс құру, ата-ана болу, өмірде өз орныңды табу, сыйлы адам болу, тұлға ретінде мойындалу да құндылықтар. Аналар үшін баласы үлкен құндылық. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз естісе, ескерту алса, анасының жүрегі жараланады, ашуға салынады, айтқан адамға өмір бойы ренжіп, ашуланып, тіпті төбелесуге дейін баратындар бар. Ал енді сол реніш пен ашуға келдік, негізінде осы эмоциялар басқаның біздің құндылықтарымызға тіл тигізгенінен болады екен. Мұны біз ешқашан ойланбаймыз. Адам сенің ашуыңа тиді, ренжітті, аяғында ұрсып тыңдыңдар. Ал негізі ойлана келсек, ол сіздің қандай да бір құндылығыңызды жалмап өтуі мүмкін. Әр адам өз құндылығын анықтап алған кезде реніштің қайдан шығатыны анықтала бастайды. Сол кезде адамды кешіру де жеңілдейді. Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынға алдыңыз. Ол азар да безер болып, сізге ренжіді. Неге? Өйткені, ол үшін оның шығармасы оның құндылығы. Ол оған жанын салды. Ал сізге бұл тіптен құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе, ол сол құндылығына тағы бір назар аударып, оны жақсарту үшін тағы жұмыс істеу керектігін түсінуі керек. Бұл өмірде болатын т.б. реніштер мен ашуларға да байланысты. Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, ол әлі де жөндеуді талап ететін шығар, немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды кешіріңіз.
Будущее страны - это сегодняшнее молодое поколение, мы. Мы живем в независимой, суверенной стране. Независимость далась нам нелегко, наши великие предки выжили. сохранено и доставлено. Мы в долгу перед ними за это. Они защищали свои жизни мир. Наш долг сохранить его на будущее. Казахстан объявил о своей независимости миру 16 декабря 1991 года. Все государства признали независимость Казахстана. Сейчас Казахстан развивается по всем направлениям. Наша задача - развивать его и сделать его одним из 50 ведущих стран. Потому что мы служим для светлого будущего b3. Благодаря мудрой инициативе и мудрой политике президента Нурсултана Назарбаева наша экономика развивается, процветает и получает мировое признание. Статус флага мести растет с каждым днем. В настоящее время в столице проводятся встречи мирового уровня, встречи, саммиты и форумы. Весь мир слушает. Мы, молодое поколение, сделаем все возможное, чтобы в будущем Казахстан стал процветающей и мирной страной, чтобы из года в год процветать и процветать.