Бірінші мамыр мейрамының шығу тарихы әріде жатыр . Бұдан 3 мың жыл бұрын Италия тұрғындары жердің қамқоршысы , әйел кұдайы Майяға табынған . Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептеледі . 1890 жылы Парижде өткен II Интернационал Конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған Америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп , капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді . Айтулы мейрамды алғаш рет 1890 жылы 2 - тапсырма . мәтіннен үш тірек сөздерді тауып жаз . мереке , достық , татулық сөздерін септеңдер .
(комектеснздерш ) очень ..
Менің сүйікті үй жануарым.
Менің ойымша, үй жануарын асырау үлкен жауапкершілік пен дайындықты талап етеді. Себебі, жануар деген де тіршілік иесі, ойыншық емес, оған да көңіл бөліп, серуендету керек, тазалығын сақтап, ауырса емдеу керек дегендей. Мен бұл жауапкершілікті толықтай түсініп, дайын боғандықтан ата - анам менің туған күніме көптен күткен арманым, жеті қазынаның бірі саналатын - ит сыйлады. Сыйлығымды көргенде менің қуанышымда шек болмады, себебі жай ит емес, нағыз қазақтың тазысы. Өзіміз жер үйде тұратындықтан, күшігіме де қолайлы болды.
Күшігіме ат қоймас бұрын, көп ойландым, атына заты сай болсын деп. Сонымен біраз уақыт бақылап жүріп, ақырында Саққұлақ деп қоюды шештім, себебі өзі әлі кішкентай күшік болғанымен, елеңдеп, сақ жүреді екен. Екеуміз бірер күннің ішінде – ақ бір – бірімізге бауыр басып, әбден үйренісіп қалдық. Қайда барсам да, мейлі аулада шаруа істеп жүрсем де, кішкене күшігім құйрығын бұлаңдатып соңымнан қалмайды. Күшігім шамалы өскен соң, оны жттықтырып нағыз тазы қылып өсіремін. Ит адамның досы демекші, менің ең жақын серігім болды. Сабақтан келген соң, ата - анама үй шаруасына көмектсіп болған соң міндетті түрде бос уақытымды Саққұлақпен өткізіп, ойнауға асығып тұрамын.