В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Маркизетта
Маркизетта
05.10.2022 15:48 •  Қазақ тiлi

Бүркіт туралы шығарма​

Показать ответ
Ответ:
Svetiksmail5454
Svetiksmail5454
18.12.2020 07:07

ответ:Бүркіт— сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1—2 жұмыртқа табады. Орта Азияда, Қазақстанда бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады, шабыты түскен кырағы бүркіттер қасқырды да алады, ашынғанда адамға да түседі.Қазақ құсбегілері бүркіттің мекеніне қарай құз құсы немесе may құсы, сондай-ақ ой құсы немесе қыр құсы деп ажыратады. Құз құсының бітімі кесек, кеуделі, яғни ірі, ал ой құсы шағындау келеді. Академик Ә.Марғұланның айтуынша, қазақ саятшы лары бүркітті таралған өңірі, аң ілу сипаты, бітіміне қарай Оралдың ақиығы, Алтайдың мұзбалағы, шөгелдер деп үлкен үш топқа бөледі[6].

Оралдың ақиығы шөлейт, суық өлкелерде, Орал, Мұғалжар тауларын, күнбатыс Сібір өңірін мекендейді. Басқа бүркіттерге қарағанда түсі қылаң, басы қара қоңыр, иық жүндері жапырақталған, сыр¬ты ақтеңбіл, бауыры кертарлан, балақ, саңғуыр жүндері ақтандақ, кер шұбар, қанатының асты қоңыр, қарасы аз болады. 

Объяснение: Бүркіт қызыл кітапқа 1984 жылы енген.

0,0(0 оценок)
Ответ:
anastasia4571
anastasia4571
18.12.2020 07:07

Объяснение:

Бүркіт біздің планетамыздағы ең ірі қыран. Оның денесінің ұзындығы - 93 см болады. Ал, ол қанатын құлаш жайғанда қанатының ұзындығы 2,4 метрге жетеді. Қаршығатектестер отбасына жататын бұл үлкен құстың сырт келбеті кәдімгі бүркіт секілді. Яғни, олар үшкір ілмек тұмсықты, ұзын қанатты және тырнағы күшті мықты аяты келген. Ересек құстардың қауырсыны қоңыр-қара келеді. Сондай-ақ, мойнында және басында алтын түсті қауырсындары болады. Бірақ, балапандар мен жас құстар аздап өзгеше түсті келеді. Олардың құйрығы ашық түсті болады және қанаттарында ақ дақтар бар.

Таралуы

Бүркіт тек Жердің солтүстік жартышырында өмір сүреді. Бұл құсты Солтүстік Американың батыс бөлігінде, Африканың солтүстігінде, Еуропа мен Азияда, сондай-ақ кейбір аралдарда кездестіруге болады. Бүркіт елсіз, ашық кеңістіктерде, таулы жерлерде, далалы, шөлейтті жерлерде, орманды тундрада қоныстанады.

Тамақтануы

Бүркіт – мықты және шапшаң аңшы. Бұл құс өзінен әлдеқайда үлкен жабайы құстарды оңай ұстай алады. Бірақ көбінесе қоян, суыр, күзен, сарышұнақ, тиін, кірпі, түлкі, тасбақа, сасықиіс секілді кішкентай және орташа келген басқа да жануарларға шабуыл жасайды. Көбіне шіл, кептер, үйрек, бөдене, үкі, қара құр және тағы басқа құстар бүркіттің жемтігі болып жатады. Бұл үлкен қанатты жыртқыш қой, елік немесе бұғыға дейін шабуыл жасайды. Әсіресе, жануар жас немесе ауру болса міндетті түрде шабуылдайды.

Бұл құс күніне шамамен 1,5 келі жемтік жейді. Бірақ азық болмаған жағдайда ол бес күн бойы аш жүре алады.

Тұрмыс дәстүрі

Бүркіттер, әдетте, өз ұясынан алыс емес, бір жерде ғана тіршілік етеді. Тек солтүстік аудандарда тұратын құстар ғана азық табу үшін кейде қоныс аударуға мәжбүр болады.

Бұл құстар жемтігін жиі жұптасып іздейді. Ауа райы ашық күндері олар биік аспанға көтеріледі. Ал бұлтты күндері жемтігін ағаштың немесе тастың үстінде отырып іздейді. Қолайлы жыртқыш аңды байқағанда бүркіт бірден шүйіледі. Сол кезде олардың ұшу жылдамдығы сағатына 320 шақырымға дейін жетуі мүмкін. Құс қаншалықты ересек болса, оның жемтікті аулауы соғұрлым сәтті болады. Ал жас құстар жиі мүлт кетеді немесе жемтігін ұстай алмайды.

Бүркіттер аққу секілді адал құстар, олар тіршілігінде бір-ақ рет отбасын құрады. Шәулі мен ұрғашы бір-біріне өздерінің қабілеттерін көрсетіп, аспанда өздеріне тән би ұйымдастырады. Олар ұшып келе жатып екпінді бұрылыс жасап, қайтадан көкке самғайды, содан кейін күрт төмендеп, бір-бірін қуып жетіп, биіктікте қалықтап, ерекше көрініс ұйымдастырады.

Бұл құстар ұяны бірге салады. Әдетте бұл шөптен, қауырсындар мен мамықтан жасалған бұталардың жаппай құрылымы. Бүркіттер көбінесе, ұяны ағашта немесе жартаста салады. Бүркіттің бір жұбында бір уақытта бірнеше ұя болуы мүмкін. Олар онда балапандарын кезектеп шығарады.

Балапандарды ұябасар басады. Бірақ шәулі ұрғашы бүркіт демалып алу үшін оны алмастырып тұрады. Ол сондай-ақ, ұябасар мен балапандарды азықпен қамтамасыз етіп, ұяға жемтік әкеледі.

Табиғатта бүркіттер 20-30 жыл өмір сүреді, ал хайуанаттар бағында 50 жылға дейін өмір сүре алады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота