В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
амонра2
амонра2
05.11.2022 21:20 •  Қазақ тiлi

Бағандағы сөздерден сөйлем құрап жаз. құрамында көмекші есімі бар сөйлемдерді анықта.

Показать ответ
Ответ:
дильназСпецназ
дильназСпецназ
07.01.2020 03:44
Дос деген қиындықта сыналады, оның шын дос екеніне сонда көзің жетеді,- деп естуші едім. Егер ол дос болса, оны сынап қажеті не,-деп ойлаушы едім. Менің досым - Данияр өз ісімен маған өзінің шын дос екенін мен күтпеген, ойламаған жерден дәлелдеді. Ал, мен болсам алғашқыда оның жақсылығын түсінбей одан теріс айналдым. Түсінікті болу үшін бәрін басынан бастайын. Біз, Данияр екеуміз кішкене күнімізден доспыз, балабақшадан бастап, қазір бір сыныптамыз. Екеуміз де жақсы оқимыз, тәртібіміз де жақсы. Мен биылғы оқу жылында сабаққа көңіл бөлуді азайттым, көбіне компьютерлік ойындар ойнап, планшетте отырғанды ұнататын болдым, үлгірімім кілт төмендеді. Досым маған бірнеше рет ескертіп, үлгірімім туралы ата-анама айтатынын білдірді, мен құлақ аспадым. Бір күні ата-анама айтты, мен оны сатқындыққа санадым, онымен дос болғым келмейтінін айттым. Сонда ол маған оқудың маңызын, біздің болашаққа жолдамамыз біліміміз екенін жақсылап түсіндірді, "дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады" мен саған дос болғандықтан сен күмілжіп, сабақ айта алмай тұрғанда, менің жаным ауырады, -деп өзінің мен үшін қатты қиналатынын айтқанда, мен өз қателігімді түсініп кешірім сұрадым. Досымның дер кезіндегі ескертуін естен кетпес жақсылық деп санаймын. Рахмет, досым!
0,0(0 оценок)
Ответ:
Дашенька200452
Дашенька200452
20.07.2021 06:15
Әрбір мәдениет ерекше және өз бойына салт-дәстүрлерді сіңірген, оларды ашып, біз басқа адамдары жақын танимыз. Осының бәрі бізді өзіне қызықтырып, таңғалдырып, тартады.
Егер сен саяхаттағанды ұнататын болсаң біздің Павлодар облысына міндетті түрде келуің керек. Павлодар облысы Қазақстанның ең үлкен өзені Ертістің жағасына орналасқан. Жазда достарыңмен немесе ата-аналарыңмен жергілікті жағажайға баруға болады- ол жер өте көркем.
Және Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябаққа баруды ұмытпаңыз. Ол Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи  аймақтарына  кіреді. Баяауыл туристердің жақсы көретін жерлерінің бірі. Саябақ аймағында көптеген үйлер, демалыс орындары бар. Саябақта қолдануға болатын демалыс түрлері бірнешеу, суға түсу, тауға серуендеу, тауға көтерілу, тау велосипедтерімен жүру. Көптеген демалыс орындарында туристік экскурсия болады, оған аздаған ақы төлеп, саябақтың қонақжайлылығын көруге болады- "киелі үңгірді", "тас басты"(мыстан кемпірді), "еркектердің мақтанышы"тасын тағы басқаларды.
Негізгі суға түсетін орын Жасыбай көлі, ең таза, мөлдір, басқа көлдермен салыстырғанда. Онан басқа оның жағасынан әсемдік ашылады. Тек осы көлдің жағасында ең көп демалыс аймақтары бар, ал суға түсуге катамарандар, қайықтар прокатқа беріледі.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота