В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Wika201720062006
Wika201720062006
26.03.2021 18:43 •  Қазақ тiлi

Бақыт іздеген саяхатшы   Баяғы өткен заманда бір ұста өмір сүріпті. Бір күні ол жер бетінде бақыт бар дегенді естиді. Осы хабарды естіген ұстаның мазасы кете бастайды. Ол күлмейді, ішпейді, жемейді, тек қана сол бақытқа жетсем деп ойлайды. Ұста ойлана келе алыс елге жолға шығу керек деген тұжырымға келеді. Ұста осылай ғана бақытты табамын деп саяхатқа жиналады.
Ұста бақыт іздеуге аттанған кезде үйінде қарт әкесі мен шешесі, сұлу әйелі, балалары қалады.
Ұста «міндетті түрде бақытты табамын, содан кейін үйіме ораламын», – деп өзін-өзі жұбатып қояды. Ұста ұзақ жол жүреді. Оның алдынан бір үлкен тас шығады.
Тасқа «Оңға қарай жүрсең – жылқы табасың, солға жүрсең – дос табасың, тура жүрсең – бақыт табасың» деген жазу қашап жазылған екен. Ұста қуанып кетіп, тура жолды таңдап, сол бағытқа жүріп кетеді. Солай келе жатып бір қапшық тауып алады. Қапшықтың ішін ашып қараса толған алтын мен күміс екен. Ұста «Ойпыр-ай, бақыт деген осы екен ғой!» – деп қапшықты алады да, бірден қалаға тартады. Ол қаланы әбден аралайды. Ол өзінің байлыққа кенелгеніне өте қатты қуанады. Қаланы аралап жүріп ең үлкен, әдемі үйді сатып алады. Қымбат киімдер алып, риза көңілмен бақытын күтеді. Күміс ыдыстан тамақтанып, ақшаны оңды-солды жұмсап, қыдырып, не істегісі келсе соны істеп, күндері өтіп жатады. Бірақ арасында «Менде керектің бәрі бар, бірақ бақытты емеспін ғой, тасқа жазылған нәрсе өтірік болғаны ма?» – деп ойлап қояды.
Ұста мазасызданып, ұйқы жоқ, күлкі жоқ, уайымға салынады. Түнде ұйықтай алмай, ауылын есіне түсіріп, мейірімді әке-шешесін, жас әйелін, бала-шағасын сағынып, көңілі қамығады. Жылап жібереді. Әке-шешесін құшақтап, әйеліне, балаларына жылы сөзін айтып, солармен қауышқысы келеді.
Ұста «түсіндім, тасқа жазылған сөз дұрыс екен», – деп шешеді. «Ақымақ басым, қолымда барды бағаламаппын ғой, бәрі қасымда болыпты ғой», – деп тез-тез жиналып, үйіне қарай ұшқан құстай зымырайды. Ұста шынайы бақыттың не екенін, өзінің ақымақтығын түсінеді. Ұста үшін саяхаттың пайдасы осы болды. Ал сендердің ойларыңша бақыт деген не?

1.Ұста тауып алған қапшықтың ішінде не болды?

Варианты:
Тиындар
Асыл тастар
Алтын мен күміс
Ештеңе жоқ
Әшекей заттар

2.Мәтін мазмұны бойынша ұста бақыт іздеуге аттанғанда үйінде кімдер қалады?

Варианты:
Туған-туыстары
Қарт әке-шешесі, әйелі, балалары
Ата-әжесі
Баласы
Достары

3. Мәтін мазмұны
Варианты:
Бақытын тапқан ұста туралы
Бақыт іздеген ұста туралы
Ұстаның ата-анасы туралы
Ұстаның отбасы туралы
Ұстаның балалары туралы
4.Өзінің дұрыс жасамағанын түсінген ұста не істейді?

Варианты:
Қатты қуанады
Орманда өмір сүреді
Ештеңе істемейді
Ұйықтай алмайды
Үйіне қарай ұшқан құстай зымырайды

5.Ұста жолда келе жатып не тауып алады?

Варианты:
Жылқы
Қапшық
Доп
Сиыр
Ойыншық
Плмогите как можнобыстрее это соч​

Показать ответ
Ответ:
Альберт211
Альберт211
12.09.2022 08:12

ответ:«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры немесе Астана Опера — Қазақстандағы Астана қаласында орналасқан опера және балет театры. «Астана Опера» – тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Мемлекет басшысы: «біз рухани мәселелер экономикалық және материалдық тәртіптегі мәселелерден кем емес мәнге ие болатын мемлекеттік даму кезеңіне аяқ бастық» деп атап көрсеткен болатын. Театр шымылдығын тұңғыш түру құрметі Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектакліне берілді.«Астана Опера» директоры Төлеген Мұхамеджанов қазақтың мәдени мұрасына айналған осы тамаша операмен ашылуы театр үшін айрықша құрмет екендігін нықтады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
fnnifnnr
fnnifnnr
23.04.2022 23:17

Димаш Құдайберген (Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген, 24 мамыр 1994 жыл, Ақтөбе) — қазақстандық әнші. Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты[1], «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы[2].Марапаттары

2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты;

«Жыл таңдауы Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты;

2017 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері;

2017 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасы қоры сыйлығының иегері;

2018 жылы Қытайда "Жылдың үздік әртісі" премиясының иегері.

2018 жылы Қытайда "Weibo Night" салтанатында "Ең танымал әртіс" жүлдесінің иегері.Мен осындай тұлғаны әлем жұлдызына жатқызамын

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота