В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Vasilyeva5
Vasilyeva5
14.10.2020 01:21 •  Қазақ тiлi

"бабалар мұрасы, ұрпаққа аманат"тақырыбына эссе жаз​

Показать ответ
Ответ:
нету36
нету36
14.09.2020 15:58

ответ Ата – бабамыз ана құрсағыннан бастап, бала дүниеге келгенше тәрбие жұмысын үзбей жүргізіп отырған. Алғашқы кезеңде тәрбие ойын – сауық түрінде жүргізілген. Бала жеті жасқа жеткенше бетінен қақпай, еркін, еркелетіп өсіреді. Зекімейді, жасқамайды, баланы ұрмайды. «Баланы басынан ұрма бағы таяды, арқасынан ұрма әруағы қашады» деп айту тәрбиенің негізі болып табылады. Әрбір отбасы ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, ұлттық тәрбиені қалыптастыратын ата, әже, әке, мектептері арқылы халықтың салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптарына, ата кәсібіне балаларды үздіксіз тәрбиелеу арқылы қол жеткізіп отырған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
mrmakaka3
mrmakaka3
14.09.2020 15:58

ответ:Қазақ халқы мұраға бай.Салт-дәстүрі,әдет-ғұрпы, мәдениет, тарихы тұнып тұрған тағылым мен тәрбие. Бабалардан қалған аманат, асыл мұра- осы салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, мәдениетіміз.

Ендеше, сол бабалар мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа бұзылмаған күйінде жеткізіліп жүр ме, қазіргі біздің дәуірімізде ол қаншалықты қолдануда, сақталуда.

Қазақ халқының әрбір салты мен дәстүрін алар болсақ, әр өңірде әртүрлі сақталған,алайда негізгі түбірі мен мақсаты бірдей.

Алып қарасақ, адам өмірінің кезең-кезең белестеріндегі жасалатын мерекелік дәстүрлер, атап айтсақ, шілдехана, қалжа беру, бесікке салу, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, құда түсу, сырға салу, беташар, құда күту сынды қазақпен бірге жасасып келе жатқан керемет салт-дәстүрлеріміздің кейбіреулері заманауи тұрғыда жаңарып жатырғанымен, өз қазығынан ажыраған емес.

Бабаларымыздың мәнді мұралары- салт-дәстүрі мен мәдениеті бір-бірімен тығыз байланысты. , бір-бірін толықтырып тұрады.. Осындай әрбір тойларында ұлттық ойындарын, ән-жыр, термелерін айтып, ұрпақтан-ұрпаққа насихаттап, аманат етіп отырған.

Қазіргі таңда « Қазақстан» ұлттық арнасында көрсетілетін әр өңірдің арасында өткізіліп жүрген « Көкпар» ойынын, меніңше, ұлттық мұраға деген үлкен құрмет.

«Тоғызқұмалақ « ойыны да халықаралық дәрежеде өткізіліп, талай қазақтың қаракөз балалары әлем жеңімпазы болды. Бұл да бабалар мұрасының өміршеңдігі емес пе?

Бабалардан жеткен мұра- ол ән-жыр, терме, айтыс, күй. Үкілі домбырасын төріне іліп құрметтейтін қазақ, жетігені мен қобызын да қастерлей білген.

Бүгінгі таңда домбыралы қазақ айтыс әлемінде шарықтаса, жыр-термесімен де мойындата білді. Қасиетті қобыздың үні мен жетігеннің сырын да ұрпағына үйретуден жалыққан емес.

Ұлтымыздың бейнесін айшықтайтын, бүгінгі таңда ерекше сұранысқа ие болып отырған керемет байлығымыз ол-қазақы ою-өрнекпен безендіріліген ұлттық киімдер мен әшекейлер. Әрбір оюы мен өрнегі өзінше бір сыр шертетін қазақтың ұлттық киімдері таңғажайып бір брендтік киімдердің қатарына енді. Біз үшін –бұл мақтаныш.

Әр қазақтың төрінде үкілі, оюлы домбырасы ілулі тұрса, шаңырағында оюлы, берекелі, баласын әлдилер бесігі болса, әрбір қазақтың қызы оюлы камзолы мен бешпентін тастамаса,әрбір қазақтың ұлы алшысынан түсіріп асық ойнаса, құйындатып ат құлағында ойнап, бәйгеге шауып, көкпар тартса, әрбір қазақтың ұрпағы қазақша сөйлеп, жыр-термесімен ұлы даласын тербетсе бабалар мұрасын келер ұрпаққа жігін бұзбай жеткізетіні ақиқат. Ендеше, бабалардың мұрасын көз қарашығындай сақтап, құрметтей білу-әр қазақтың міндетті.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота