В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
melitatomashko
melitatomashko
29.08.2021 12:47 •  Қазақ тiлi

Бабаларымыз ежелден «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөз өнерін аса жоғары бағалаған. Ақындар сөз сайысы кезінде жеңіске жетудің жолын іздеп, нақты дәлелдер келтіріп, сөзбен жеңген. Айтыста ақындардың импровизациясы, логикасы мен дәлелінің күштілігі анық байқалуы тиіс. Сөз өнерінің, образды, көркем ойлардың тілдік көрінісін айтыс өлеңдерінен көреміз. Ақындар тіліндегі көркем құралдарының бірі – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады. Мақал-мәтелдердің ерекшелігі – мазмұны терең, аз сөзбен көп мағына береді және көпшілігі есте тез сақталады. Айтыс өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер тілдің эстетикалық қызметін күшейтіп, өлең сөзді әсерлі етеді. Ал қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер әдеби тілімізді байытуға қосқан айтыс ақындарының үлесі екендігін көрсетеді. 1 тапсырма: «Өнер алды – қызыл тіл» атты диаграмманы толтырыңдар ( 3 ұпай)

Показать ответ
Ответ:
Кузнечик0705
Кузнечик0705
22.08.2021 09:05

Анама қандай сыйлық сыйлаймын? (шығарма)

Жақын арада менің ең жақын адамым, маған ең қымбат адам, яғни менің анамның туған күні. Мен осы жолы анамның туған күніне не сыйлаймын? деп алдын - ала ойланып, дайындала бастадым. Әрине, мен әлі мектеп оқушысы болғандықтан анама қымбат сыйлық сатып алып бере алмаймын, дегенмен де қаржылай мүмкіндігім болмаса да, тосынсый жасағым келді. Сәби күнімде анама туған күні мен мерекелерге орай қолдан ашық хат жасап сыйлайтынмын, анам бұл сыйлығыма өте қатты қуанып, риза болатын. Қазір сәл бой жеткендіктен, анама арнап мерекелік кешкі ас дайындамақшы болдым. Қазір техниканың дамығаны қандай жақсы болды, ғаламтордан іздеген нәрсенің бәрін тауып алуға болады. Сөйтіп, мен өзіме керекті тамақ рецептін еш қиындықсыз тауып алып, әзірлеуге кірістім. Сонымен қатар қарапайым тәтті тоқыш да әзірлеп, үстіне қолымнан келгенше «Анашым, туған күніңізбен» деген жазу жаздым.  Кешке анам жұмыстан шаршап келгенде алдынан сүйікті тамағы мен тәтті тоқашты көргенде қуанышында шек болмады. Бұл жасаған тосынсыйым анамның көңілінен шыққанына мен де қатты қуанып қалдым. Әзірлеген тамағым да ойдағыдай шығыпты. Ендігәрі отбасы мүшелерін тамақ әзірлеп, жиі қуантып тұруға тырысамын.

0,0(0 оценок)
Ответ:
BOGDANGER
BOGDANGER
15.10.2022 11:09
Ауа райы дегенiмiз белгiлi жердегi сол уақыт аралығында атмосфералық күйi. Ауа райы сипаттамасына ауа температурасы, атмосфералық қысым, ауа ылғалдылығы, бұлттылық, атмосфералық жауын-шашын, жердiң күшi мен бағыты жатады.

Ауа райының негiзгi ерекшелiгi – тұрақсыздығы және өзгергiштiгi . Бүгiн аспанда Күн сәулесi өте жарық, ал ертең бұлттар қаптап және майда жаңбыр жауады. Ауа райы белгiлi жерде өзгермейдi, ол 1 күнде жер шарының әр түрлi жерлерiнде де өзгередi.

Тропосфера ауасы бiртектi еместiгiнен әр түрлi ауалық массалар бар. Ауалық масса тропосферадағы ауаның үлкен көлемi, ол бiртектi және қозғалысы да бiрдей.

Ауалық массаның мөлшерi өте үлкен. Мысалы, 1 ауалық масса толығымен барлық Европаның ауданын жауып қала алады.

Ауалық массаның қасиеттерi әртүрлi. Олар жылы және суық, түссiз және шаңданған болуы мүмкiн, ылғалды және құрғақ ауа алып жүруi де мүмкiн. Мысалы, бiздiң елiмiздiң ауданына Атлант мұхитынан ауалық массалар келедi, олар жазда ылғалды және суық ауа және қыста ылғалды және жылы ауа алып келедi. Онымен жауын-шашыны бар бұлтты ауа райы байланысты. Оңтүстiктен бiзге жылы ауалық массалар келедi. Соларға байланысты ыстық және құрғақ ауа-райы болады. Ал Солтүстiк Мұзды мұхитынан келетiн ауалық массасы суық түсудi қамтамасыз етедi, және бұлтсыз ашық ауа-райын әкеледi.

    Берiлген жергiлiкке тән к ауа-райының ауысу тәртiбiн климат деп атайды. Мысалы, жазда бiздiң жергiлiкте ыстық және құрғақ немесе салқын және жаңбырлы, қыста-аязды немесе жылы, қарлы немесе қары аз болуы мүмкiн екенiн байқадыңыз. Бұл өзгерiстер ауа-райының өзгергiштiгi туралы айтады. Ешқашан қыс жаздан жылы, ал жаз-қыстан суық болмайды. Климат осы ерекшелiкпен сипатталады. Теңiздер мен мұхиттар, таулы массивтер және жергiлiктi жердiң басқа да ерекшелiктерi климатқа әсер етедi.

   “Климат” сөзi грек тiлiнен аударғанда “ылди, еңiс” мағынасын бiлдiредi. Яғни климат жер бетiне түсетiн жылу мөлшерi тәуелдi күн сәулесiнiң түсу бұрышын анықтайды.

  Көкжиектен күн неғұрлым жоғары болса, соғұрлым күн сәулесiнiң түсу бұрышы үлкен және сондықтан жер бетi жақсы қызады.

  Экватор ауданында климат ыстық, ол жерде Күн жыл бойы көкжиек үстiнде жоғары орналасқан, сондықтан жер бетi күн сәулесiнiң көп мөлшерiн қабылдайды. Бұл жерде жыл бойы ауа температурасы с-қа жуық. Ыстық климатта жыл маусымы жоқ және жыл бойы жаз болып тұрады.

  Бұл жерде климат ыстық немесе ылғалды, сондықтан жылусүйгiш өсiмдiктер тез өседi, олардың гүлдеуi мен жемiстеуi жыл маусымымен байланысты емес.

   Бiз сiзбен қоңыржай климатта өмiр сүремiз, ол жерде күн сәулесiнiң түсу бұрышы экваторға қарағанда аз. Сондықтан жер бетi аз жылу қабылдайды. Қоңыржай климатта жыл маусымдары анық көрiнедi. Осы жағдайда тiршiлiк ететiн өсiмдiктер мен жануарлар да қолайсыз қыс кезеңiне шыдай алатын бейiмделгiштiгi бар. Өсiмдiктер қыс кезiнде тыныштық күйде болады. Олардың өсуi тоқтап, жапырақтары түседi. Жәндiктерде де тыныштық кезең туады, кейбiр жануарлар ұйқыға кетедi. Көптеген құстар жылы жаққа ұшады, қыстауға қалған жануарлар қоректiк қорын қысқа жинайды.

  Ауа райы өзгергiш, ал климатқа тұрақтылық тән. Ауа райының өзгергiштiгi әртүрлi қасиеттерi бар ауалық массаның ауысуына байланысты. Ыстық, қоңыржай және суық климат түрлерi бар. Тiрi организмдерде әртүрлi климаттық жағдайда өмiр сүру бейiмдiлгiштiгi бар.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота