- Бастауыштың жасалу жолдары. Бастауыш қызметінде жеке сөз, сөз тіркесі, тіпті үйірлі мүше ретінде сөйлем де жұмсала алады. Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздер атау септігінің нөлдік, көптік және тәуелдік жалғауымен келеді. Бастауыш қызметінде ең көп жұмсалатын сөз таптары – зат есім мен есімдік. Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары мен сөз топтары мыналар: 1) зат есімдер: Көтібақ, Көкше де аз болған жоқ (М.Ə.); 2) есімдіктер: Асқардың олай еткенін ешкім сезген жоқ (С.М.); 3) субстантивтенген сын есімдер: Жақсы — ісімен жақсы (Абай); 4) сан есімдер: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбе- дегi келеді (мақал); 5) түрленбейтін сөз таптары (үстеу, одағай т.б.): Yһілеулер үдей түсті. Қиқулары Тынық ауаны толқытып тұр (Ғ.Мұст.); 6) есімше мен қимыл есімі: Жығылған күреске тоймас (мақал). Сауысқанның тамағы Шоқуменен табылған (Ы.А.); 7) сөз тіркесі мен тұрақты тіркестер: Құлагердей ерен жүйрік Ақаннан басқа бір адамда да болмайды (А.Ж.). Лаж жоқ, кісідегінің кілті аспанда деген осы (Б.Мом.).
Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі жануар.
Заманауи әлемде оқушыда бос уақыт аз болады. Оның үлкен бөлігі оқуға, үй жұмысын істеуге және түрлі үйірмелерге қатысуға кетеді. Менде бос уақыт болғанда, мен оны өзіме арнаймын-кітап оқимын немесе фильм қараймын. Ауа-райы жақсы болса, мен достарыммен далаға шығатын. Ауа райы жаман болса, мен достарыммен телефон арқылы сөйлесемін. Ең қызықты уақыт-бұл каникулдар. Бос уақытын көп. Кейде мен өз отбасыммен саяхатқа шығатын, кейде аталарымды, әжелерімді көремін. Сонда мен оларға үй шаруасымен көмектесемін. Менің отбасым бір дастархан алдына отырып, үлкен ата-бабамыздың жас кездерінде болған оқиғаларды естіп, жатқанды жақсы көремін.
Менде бос уақыт болғанда, мен оны өзіме арнаймын-кітап оқимын немесе фильм қараймын. Ауа-райы жақсы болса, мен достарыммен далаға шығатын. Ауа райы жаман болса, мен достарыммен телефон арқылы сөйлесемін.
Ең қызықты уақыт-бұл каникулдар. Бос уақытын көп. Кейде мен өз отбасыммен саяхатқа шығатын, кейде аталарымды, әжелерімді көремін. Сонда мен оларға үй шаруасымен көмектесемін. Менің отбасым бір дастархан алдына отырып, үлкен ата-бабамыздың жас кездерінде болған оқиғаларды естіп, жатқанды жақсы көремін.