Басты бет Кесте БЖБ ЖҰМЫСЫ 4-тоқсан
«Үш тілде оқытатын №21 ОМ-гимназиясы» КММ
Ақтөбе облысы, Ақтөбе Қ.Ә., Ақтөбе қ.
6 Д
Bilimland logotype
КӘУСАР
СИСЕНҒАЛИЕВА
Оқушы
82 BilimBonus
1
Жеке кабинет
Online Mektep
Кесте
Үй тапсырмасы
Мұғаліммен байланыс
Күнделік
Оқушылар рейтингі
Мемл.қызметтер
Көмек
Жаңалықтар
06 МАМЫР
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
СУЛЕЙМЕНОВА А.
БЖБ ЖҰМЫСЫ
САБАҚ
ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ
Чат ашу
«Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым» бөлімі
6.1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;
6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;
6.2.3.1 шығармадағы көркем ауыстыруларды анықтау;
6.3.3.1 шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
1-тапсырма. А.Алтайдың «Прописка» әңгімесінің сюжетін қысқаша уақыт тізбегі бойынша баяндаңыз.
1.
2.
3.
4.
5.
Дескриптор:
• Шығарманың сюжетін біледі;
• «Уақыт тізбегі» сызбасын толтырады. -
2-тапсырма. «Менің атым – Тәуелсіздік» өлеңнің идеясы неде? Не себепті ақын: «Тәуелсіздік – мен, ол – менің асқақ аңызым», – деп өлеңді аяқтайды?
Дескриптор:
• Өлеңнің идеясын анықтайды;
• Сұраққа нақты жауап береді –
3-тапсырма. Берілген «Менің Дағыстаным» прозалық шығарма үзіндісінен көріктеу құралдарын табыңыз.
Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім – сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері жүрегімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі. Ернім күбірлейді. Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді. Мен судың бүлкіл қаққан дыбысын сүйем. Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем. Осының бәрі менің тілімде бар. Сондай-ақ махаббат сыбырын да жақсы көреді.
Дескриптор:
• Көріктеу құралдарын табады;
• Түрін ажаратады -
4-тапсырма. Берілген авторларға шығармасы арқылы қысқаша мінездеме беріңіз.
Е.Жүніс - ...
А.Алтай - ...
Р.Ғамзатов -...
Дескриптор:
• Шығармасы арқылы автордың бейнесін анықтайды;
• Қысқаша мінездеме береді.
5-тапсырма. «Прописка» әңгімесіндегі кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық (отбасы тәрбиесі) тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңыз.
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.
Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.
Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.
Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.
Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.
Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.
Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.
Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.
3 0
Пікір қосу
 RipEro 17.09.2012 жауап берді
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?
Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.
Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».
Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем». «Тіл – асыл ойдың бұлағы». «Тіл –құдірет». «Тіл - тәуелсіздік тұғыры». «Тіл – ұлттың жан дүниесі».
Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.
Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.
Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.
Объяснение:
RipEro
«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған.Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында.Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.1969-1970 жылдары археолог Б. Нұрмұханбетов тауып, ғалым К.А. Ақышев әлемге жариялаған. Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 шаршы шақырым жерді алып жатыр.Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның б.з.б. V-IV ғасырларда өмір сүргені анықталды.Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т. б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекетінде өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді.Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге, бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.