«Батыр Баян» поэмасындағы қалмақ қызы анасына қандай ант берген еді?. [1] А) Анасымен жүздесіп, ел батасын алмай, күйеуге шықпауға.
В) Қайтседе еліне оралып, ата-анасының жанында қалуға.
С) Сүйген жарымен бірге өз елінде тұруға.
D) Өз елін, жерін ешқашан ұмытпауға.
«Батыр Баян» поэмасы немен аяқталады? [1]
А) Батыр Баянның қазасымен.
В) Қазақ-қалмақ соғысының бітуімен.
С) Ноян мен қалмақ қызының қосылуымен.
D) Қалмақ қызының еліне оралуымен.
«Көксерек» әңгімесінің негізгі идеясына сай мақалды көрсетіңіз. [1]
А) Итпен ойнасаң - үрерсің.
В) Қасқырды қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды.
С) Ит – адамның досы.
D) Қойдың қарғысы қасқырды қаппайды.
«Жау тылындағы бала» повесіндегі кейіпкерлер тағдырын негізге ала отырып, «Соғыс зардабы» тақырыбында шағын эссе жазыңыз. (50-60 сөз). [4]
«Көксерек» әңгімесінің бас кейіпкері Көксеректің іс-әрекетін өзіндік тұрғыдан бағалап, кейіпкерге сипаттама беріңіз. (8-10 сөйлем). [2]
Ежелгі әлемнің 7 кереметінің бірі. Зевстiң храмының сыртқы көрінісі мұқият безендірілген. Бір оқиға бар еді -
Белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Мүсіннің бел бөлігі гүлдермен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғасырында Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады.
Зевс (көне грекше: Ζεύς)[1] — ежелгі грек мифологиясындағы жоғарғы әмірші құдай, барлық құдайлар мен адамдардың ең мәртебелі құдайы. Ол ежелгі рим мифологиясы бойынша Юпитер (латынша:Jupiter) деп аталған. Мифологиялық аңыз бойынша, Зевс алып Крон мен Реядан туған кенже бала. Оның әйелі – Гера. Әкесінің үстемдігін құлатып, бүкіл дүниенің жоғарғы билігін өз қолына алған. Алғашқыда Зевс аспан әлемінің әміршісі деп есептелсе, кейін гректер оған адамзат қоғамы тіршілігінің билігін де береді. Олимп тауы Зевстің жер-әлемге үстемдік жүргізетін тұрақты мекені. Грек аңыздары бойынша, Зевстен Аполлон, Афина, Артемида, Арейя, Афродита, Гермес, Гефест, Дионис, Персефона, т.б. құдайлар мен біраз батырлар (Геракл, Персей, т.б.) тараған.
Объяснение: