В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Steyflie
Steyflie
21.03.2020 12:02 •  Қазақ тiлi

Байырғы заңдар жүйесі бойынша, ер азаматтың бірнеше әйелі болса, ең бірінші әйелі бәйбіше деп аталған. Отағасы оны сыйлауға міндетті, алайда қанша әйелі болса да барлығы бірдей бәйбішеге бағынған. Әйелдердің жасауларының араласып кетуіне жол берілмейді, бұл анасының мүлкі тек балаларына тиесілі болсын деген түсініктен шыкқан. Дәстүрлі ортаның әйел құны мен құқығы жайлы ұстанымдарында отбасы мүшелерін материалдық игілікпен қамтамасыз ету ер адамға жүктелгендіктен, әйел адамға құқықтық, материалдық артық міндеттеме жүктемейді. Этномәдени дәстүрдегі талап пен діни ұстанымдарға байланысты санадағы түсінік бойынша әйелдің міндеті - дүниеге ұрпақ әкелу, ұрпақ тәрбиелеу. Л.Фукстың деректері бойынша, байырғы ортада қазақ әйелдері үй шаруашылығын толық басқарған және төркінінен келген барлық мал-мүлік, тұрмыстық заттарды өз қарауына алып, шаруашылығын көбейтіп, оны күнделікті әлеуметтік қажеттілігіне жаратып отырған. Ертеде қазақ байлары бірнеше әйел алғанымен, әр әйелдің өзіндік құқығы мен атқаратын міндеті болған. Сондай-ақ, бәйбіше күйеуінің әйелдеріне қалай көңіл бөлетіндігіне байланысты күйеуінің малынан тоқалдарға енші бөліп берген, ал бәйбішеде еншіленген шаруашылық болмайды, себебі оған күйеуінің малын басқаруға, күйеуімен бірдей дәрежеде құқық берілгендіктен, бәйбіше де мал-мүліктің толық иесі болып саналған. Қазақ арасында көп әйел алудың бірнеше жолдары болған. Халықтың ғұрыптық салты бойынша әйел саны шектелмеген, ал шариғат заңы бойынша төрт әйел алуға ғана рұқсат етілген. Орыс зерттеушісі Н.Гродековтың деректері бойынша төрт әйелден артық әйелі бар ерлер соңғы төртеуімен ғана ерлі-зайыптылық ғұрпымен тұруға құқылы болған, ал қалған әйелдері софылық жолға түсіп, шариғат бойынша ерлерімен ажырасқан.
Қазақ отбасында әйел құқығы болмаған деген біржақты пікір тумауы керек. Әйел ақылды болса, бағына орай ері де ақылды, сабырлы болар болса, ол тек еріне ғана емес, онымен бірге бүкіл ауылға да өзінің ықпалын тигізген. Н.Изразқовтің деректері бойынша қазақтардың ғұрыптық дәстүрінде күйеуі қайтыс болып, артында кәмелет жасына толмаған балалары қалса, әйел қайтадан тұрмысқа шықпаған жағдайда күйеуінен қалған барлық мүлікке иелік еткен. Ертеде қазақтардың бірнеше әйелі болғандықтан, мүлікті бөлісу кезінде алдымен бәйбішеден туған балаларына, ал одан кейін ғана тоқалдан туған балаларына үлестері берілген. Сонымен қатар қазақтың әдет-ғұрыптық заңы бойынша бәйбішеден бала болмаған жағдайда мүлік бірден тоқалдан туған балаларына еншіленген. Байырғы ортада ерлі-зайыпты адамдардың ажырасуы некен-саяқ болған, алайда ер азамат белсіз болған жағдайда, оның сыркаты толық нақты дәлелдермен анықталғаннан кейін ғана ажырасуға рұқсат берілген

1)Мәтіннен жай сөйлемдерге 2 мысал

2)Мәтіннен құрмалас сөйлемдерге 2 мысал жазыңыз.

помагите от

Показать ответ
Ответ:
cvetlana15a
cvetlana15a
28.01.2021 06:38

Жәй сөйлем:

1. Бірнеше әйел алған.

2. Ұрпақ тәрбиелеу.

Құрмалас сөйлем:

1. Байырғы заңдар жүйесі бойынша, ер азаматтың бірнеше әйелі болса, ең бірінші әйелі бәйбіше деп аталса, ал қалғандары тоқал деп аталған.

2. Әйелдердің артынан келген жасауды, басқа әйелдікімен араластырмауды қадағалаған, себебі ол заттарды балалары қолданған.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота