Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала.
Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған.
Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
1-тапсырма. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.
2-тапсырма. Мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырып жаз.
3-тапсырма. Сөйлемдердің қазақша нұсқасын мәтіннен тауып, жазыңыз Отырар один из славных городов на Великом Шелковом пути.
Потому что в этом месте можно было продать и купить любую вещь.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. Ұлы Жібек жолының қай мемлекетте өткен жолы Сауран қаласы болды? Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы қай қала болды?
Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.(Үйде қандай тәрбие көрсең өскенде сондай боласың деген мағынада)
Шешесін көріп, қызын ал. ( Шешесі қандай болса қызы да сондай болады деген мағынада. Мысалы: Шешесі тәрбиелі болса, қызы да тәрбиелі)
Апасының киген тонын сіңлісі де киеді. (Апасы қандай тәрбие көреді сіңіліңсі де сондай тәрбие көреді.)
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп, сіңілі өсер. (Ағасы не істесе інісі дже соны істейді, ал апасы не істесе сіңілісі де соны жасайды)
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.
Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.