Бегабат Ұзақов «Жантаза» (әңгімеден үзінді) Екі күннен бері орта бойлы, төртбақ денелі, қалың қабақты, қарасұр жігіт торы атпен желдіртіп келеді. Бес қаруын түгел асынған. Қызылқұмның жұмақ көркіне қызыға көз тастап келе жатқан жасы әлі жиырмаға тола қоймаған жігіттің кеудесіндегі елдің тірлігі де үнемі осындай мамыражай кеше берсе ғой деген арман ұлғая түсті.
«Тіршілік неткен тұрлаусыз еді! - деген ой келді оның қиялына. – Айналаны көріктендіріп тұрған мына раң, қызғалдақтар құралайдың салқыны өткен соң күнге күйіп, желге ұшарын білмейді-ау! Адамдар солай, тайталасып өтеді. Күреспесең, ғұмырың қамшының сабындай қысқа. Тосыннан келген дүлей күш сындырып кеткенін байқамай да қаласың...»
Болатын бала он төртінде бас болар. Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде ер жігіт үйінде бұғып жата алмас. Сыр бойындағы қалың елдің қамын жеп, жас күнінен атқа қонып, ақ найза ұстады. Он жетіге толар-толмас кезінде айрандай ұйып отырған елге оңтүстіктегі ала шапандылардың әскері киліге кіріп, ойран салды. Жекпе-жекте бас батырына найза қадап, аттан аударды. Ел тізгінін ұстағандар екі тарапқа жалтаңдап ашырқаған халқын тойдырудың орнына, алқымын толтыруымен әлек. Жағдай бұлай жалғаса берсе, тұлымды ұл - құлға, бұрымды қыз - күңге айналарын сезген бұл жігіт араздасқан ағайынды жарастырып, елді біріктіруімен әуре. Арал, Сырдың кейбір салаларына бөген құрып, егіншілікпен айналысуға үндеді.
Егіншілікті үйретудегі мақсат – шашыраңқы елді жинау. Біріккен жұртты жау жеңе алмайды. Мұны түсінгендер Сырды сағалағанымен, малына малданып, қырды жағалап кететіндер де бар. Қай-қайсы да басына іс түскенде әскері бар болғандықтан бұған келеді. Оның самсаған қалың қолы бар, жүздеген жігітті машықтандырып, жау шапса, лап қоюға дайындап қойған. Таса жердегі әскери жаттығуларда шыңдалған жігіттер былайғы кезде өз тірлігімен айналыса береді.
Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жаз/ Найдите в тексте собственные имена существительные
1 б.
Мәтіннен сан есімдерді теріп жаз/ Найдите в тексте имена числительные
1 б.
Мәтіннің түрін ажыратыңыз. / Определи тип текста
A) әңгіме B) сұхбат C) ертегі D) мақала 1 б.
Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз. /Найдите правильную и неправильную предложения в тексте и отметьте ее в таблице
№ ақпараттар дұрыс бұрыс
1 Кеудеде жолбарыс жүрек соғып тұрған кезде қыз бала үйінде бұғып жата алмас.
2 Егіншілікті үйретудегі мақсат – шашыраңқы елді жинамау.
3 Болатын бала он төртінде бас болар.
1 б.
Мәтіннен қарамен жазылған сөздердің антонимдерін табыңыз. / Подберите к выделенным в тексте словам антонимы
1 б.
Сұрақтарға жауап жазыңыз. / Напишите ответы на вопросы
- Қандай жұртты жау жеңе алмайды?
- Оның қиялына қандай ой келді?
«Ұлы Жібек жолы» деген тақырыпта эссе жаз. / Напишите эссе на тему «Ұлы Жібек жолы»
Биздин туган жеримиз - Казакстан.
Объяснение:
Туған жер сыры тауында, шоқыларында,
Туған жер жаққан жастықтың оты жанымда.
Өмірде қандай бақыт бар атамекеннің
Еркелеп келіп аунасам топырағында?!
Даланың сазын желемік күйші пайымдар,
Жұпарлы гүлдер қонаққа иісін дайындар.
Шегірткелердің хорына тербеліп әуре
Маңғаз қарағай қасында биші қайыңдар.
Таң атса шықтың көремін тірлігін жаңа,
Мың күнімнен мұндағы бір күнім дара.
Тұман әукесі салбырап басқанда естимін
Шашбау таққан өзеннің сылдырын ғана.
Бір сәт құлақ сап даланың қоңырауына,
Маздаған мақпал кеште де толы мағына.
Қиялға шомып кетемін қап-қара аспан
Жұлдыздан түйме таққанда омырауына.
Мұхаммед Қонқаев
Үйірме жетекшісі мен оқушылар арасында диалог құрастыру.
Үйірме жетекшісі: Айымгүл, келер аптада жоспарлап қойған шаруаларың жоқ па?
Айымгүл: Әзірге, ешқандай жоспарым жоқ, апай. Бір нәрсе істеу керек пе?
Үйірме жетекшісі: Ия, солай десем де болады. Келесі аптада біздің сарайымызда ашық есік күндері өтеді. Соған әрбір үйірме өзінің оқушыларының қатысуымен түрлі іс – шаралар жүргізуі керек. Соған өзіміз кішігірім концерт ұйымдастырсақ деп ойлап отырмын.
Айымгүл: Жақсы, апай. Әрине қатысамын.
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, онда орындайтын күй таңдап қояйық.
Айымгүл: Маған Құрманғазы атамыздың «Балбырауын» күйі ерекше ұнайды. Концертімізді сонымен ашсақ қалай болады?
Самал: Ия, апай. Содан кейін барлығымыз жақында ғана үйренген «Шалқыма» күйін орындасақ, қалай қарайсыз?
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, жандарым! Міне, өздерің де концерт бағдарламасын құра алатын болыпсыңдар! Жарайсыңдар! Еңбегімнің зая кетпей жатқанына қуаныштымын!
Самал: Апай, біз бұл үйірмеде сізден көп нәрсе үйреніп жатырмыз ғой. Соны енді халыққа көрсетсек, бұл біз үшін де үлкен мақтаныш қой.
Айымгүл: Концертте өнер көрсеткеніміз сіздің арқаңызда жеткен жетістік деп білеміз!
Үйірме жетекшісі: Рахмет сендерге, жандарым! Ендеше күйлерді бір қайталап шығайық...