, бен автор сөзінің о. Оқушы мен ғарышкер а тыныс белгілеріне назар аударыңдар. on тарышкер арасындағы сұхбатты жазыңдар. Төл сөз бен авто не айналдырыңдар. ушы мен ғарышкер арасындағы диалогтегі төл сөзді төлеу сөзге айналдыр
Қажымұқан Мұңайтпасұлы (7 сәуір 1871 ж., Ақмола облысы Қараөткел ауылы, — 12 тамыз 1948 ж., Ленин туы колхозы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — қазақтың атақты палуаны және и цирк артисі. Кәсіпқойлар арасындағы классикалық күрес бойынша әлем чемпионаттарында бірнеше дүркін (1908, 1909, 1911, 1913 және 1914 жылдары) жеңіске жетті. Француз күресі бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған ең алғашқы қазақ; классикалық күрес бойынша ауыр салмақ палуандары арасында әлемдік, ресейлік, аймақтық, одан кейін одақтық чемпионаттарда бірнеше рет жеңіске жеткен. Елуге жуық наградалар мен медальдардың иегері.Қажымұқан, өз батырларымен аты шыққан, Қыпшақтың Алтыбас руынан шыққан. Қажымұқанның шығу тегі: қыпшақ Тоқтарбай, одан кейін Қобыланды, Тірлікбай, Ойбас, Ұзын, Алтыбас, Қарыс, Жоламан, Санбай, Шадибатыр (Абылайхан дәуірінде өмір сүрген), одан кейін Қажымұқан атасы Ернақ, әкесі Мұңайтпас және Қажымұқанның өзі. Қажымұқанның нағашы атасы Лек палуан ағаштарды тамырымен жұлып алуға шамасы жететін күші туралы аңыздар бар.Қажымұқан 1871 жылдың 7 сәуірінде (паспорт мәліметі бойынша) қазіргі Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген, дегенмен Қажымұқанның қай жылы және қай жерде дүниеге келуіне байланысты мәселелер бойынша басқа да пікірлер бар (Дүниеге келген жері ОҚО, Отырар ауданы, туған жылы 1883). Оның әкесі Ернақұлы Мұңайтпас қарапайым, бірақ өте күшті адам болған, палуандар күрестерінде көптеген жеңістерге жеткен, сондықтан «жуанаяқ палуан» деген атқа ие болған. Қажымұқанның атасы Ернақ та ерекше күштің иесі болған дейді және ол немересіне қазақша күрестің ережелерін үйреткен.
Шапық Шокин (1912 - 2003) Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі Шапық Шөкіұлы Шокин 1912 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты С. Торайғыров атындағы ұжымшарда дүниеге келген. Болашақ Халық қаһарманы, академиктің балалық шағы өте қиын жағдайда өткен. 1918 жылы 6 жасында әкесі Шөкіден айырылады. 1920 жылы ағасы Риза Шапықты бастауыш мектебіне оқуға береді. Шапық кейін жастар мектебін, содан соң педагогикалық техникумын бітіреді. 1930 жылы Ташкентте Орта Азия Мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетіне қабылданады. Университетті 1937 жылы бітіріп, еңбек жолын Алматыдан бастайды. 1943 жылы Ш. Шокин Ғылым Академиясының энергетика секторына басшылық қызметке тағайындалады. Оның негізгі зерттеген тақырыбы энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отандық энергетиканың баланс мәселелері. Ш. Шокин 450 - ге жуық ғылыми еңбек жазған. Ғалым Мемлекеттік сыйлықтың иегері; көптеген медальдар және ордендермен марапатталған.
(1912 - 2003)
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі Шапық Шөкіұлы Шокин 1912 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты С. Торайғыров атындағы ұжымшарда дүниеге келген. Болашақ Халық қаһарманы, академиктің балалық шағы өте қиын жағдайда өткен. 1918 жылы 6 жасында әкесі Шөкіден айырылады. 1920 жылы ағасы Риза Шапықты бастауыш мектебіне оқуға береді. Шапық кейін жастар мектебін, содан соң педагогикалық техникумын бітіреді. 1930 жылы Ташкентте Орта Азия Мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетіне қабылданады. Университетті 1937 жылы бітіріп, еңбек жолын Алматыдан бастайды. 1943 жылы Ш. Шокин Ғылым Академиясының энергетика секторына басшылық қызметке тағайындалады. Оның негізгі зерттеген тақырыбы энергетика және су шаруашылығының болашақ дамуы мен отандық энергетиканың баланс мәселелері.
Ш. Шокин 450 - ге жуық ғылыми еңбек жазған. Ғалым Мемлекеттік сыйлықтың иегері; көптеген медальдар және ордендермен марапатталған.