Берілген диалектілерді пайдаланып әңгіме құрастырыңыздар Жарын – келер жыл Тұғжым – мығым, тегеурінді Күп – сайдың тұйық, ояң жерінде иірілген су Жібіскі – сіркіреп, майдалап жауатын жаңбыр. Қағу – құрғақ салқын самал жел. Сылама – қам кесектен салынған, іші-сыртын сылап тастаған үй. Шарқат– шәйі орамал, әйелдер басына тартады, ер адамдар белбеу етіп байлайды. Дүмше — шай шығаратын ақ құман; Бақыраш 1) кішкене шелек, 2) ожау, шөміш. Бозым – бозөкпе.
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.Мәтіннен кейінгі сұрақтарға жауап беріңіз.
Спорт – денсаулық кепілі
Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі- жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеп, түрлі жаттығулар жасауға болады. Білім алушылар мектептің дене шынықтыру үйірмелеріне тұрақты қатысулары керек. Онда арқанмен тартылады, секіреді, жүгіреді. Өйткені, олар спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін, спортпен айналысудың адам өмірін ұзартатынын білуі шарт.
Еліміздің ертеңгі тізгіні - жастар, сондықтан да жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз еліміздің дамыған, алдыңғы қатардағы ел екендігін көре аламыз.
Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Ол біздің мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен қомағайлықтың, ұйқышылдықтың күштілігі.
Р/с
Сұрақ
Жауап
1
Спорт ненің кепілі?
2
Жүгіруге кімнің рұқсаты керек?
3
Спорт денсаулыққа қандай пайда тигізеді ?
2-Тапсырма Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарату болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жазылған және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасауға әлдеқайда аз уақыт жұмсалады.
Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелдеген.
Сонымен, компьютердің адам ағзасына тигізетін залалы мынадай: - көздің көру қабілетін төмендетеді;
- омыртқалардың қисаюына әкеледі; - жүйкеге салмақ түсіреді;
- шаршағыштық, әлсіздік басады.
А.)Мәтіндегі 2 маңызды ақпаратты анықтаңыз.
р/с
Маңызды ақпараттар(Основная информация)
1
2
Ә).Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз
ІІ Жазылым.
1-тапсырма
А)Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз . (Найди антонимы данных слов)
Зиян-, жарық- , көп- үлкен
2-тапсырма
Берілген сөздерге жалғау түрлерін дұрыс жалғаңыз. (Правильно прибавьте виды окончаний к данным словам.)
Сөздер
/слова/
Көптік жалғау
Тәуелдік жалғау
Септік жалғау
Әже
әже+
І жақ Менің әже+
Барсыс септік әже+
Қарындас
қарындас+
ІІ жақ Сенің қарындас+
Сіздің қарындас+
Табыс септік қарындас+
Аға
аға+
ІІІ жақ Оның аға.+
Жатыс септік Аға+