В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
olena4519
olena4519
25.07.2022 16:09 •  Қазақ тiлi

Берілген екі мәтіннің стилін анықтаңыз. А) ауызекі сөйлеу және публистикалық.
В) ауызекі сөйлеу және ресми
С) ғылыми стиль және көркем әдеби.
D) көркем әдеби және ауызекі сөйлеу
көмек керек өтініііііііш​ бұл


Берілген екі мәтіннің стилін анықтаңыз. А) ауызекі сөйлеу және публистикалық. В) ауызекі сөйлеу және

Показать ответ
Ответ:
Юлька1606
Юлька1606
15.12.2021 10:38

«Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан,  адамдарын ардақтаудан басталады.»

Н.Ә. Назарбаев.

Дүниеге шыр етіп келгеннен бастап-ақ а туған үйін, туған ауылын тани бастайды.Өсе келе оның топырағынан өзіне нәр алып, оның қырындағы әсем гүлдерін теріп, құмары қанғанша бал-шырынды суын ішіп, мейірі қанғанша таза ауасын жұтады. Міне, осы жерді әр адам атамекенім, алтын бесігім деп біледі.

Әр елдің атамекенін ардақтаған, кіндік қаны тамған жерін сүйген ұл –қыздары:

Туған жер топырағыңнан айналайын,

Өзіңмен өле-өлгенше бір болайын.

Егер де елді сүйсең менше сүйгін,

Ал, тыңда мекенімнен сөз қозғайын , - деп туған жер, өсірген ел туралы сөз қозғап жатады. Ендеше талай заман, талай ұрпаққа жайлы мекен, құтты қоныс болған аулымды неге жырламасқа, неге мақтамасқа, оған неге жылы сөз арнамасқа?

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.  

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. А ң татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Сәлем жосындарының түрлерін айтқанда бір нәрсе ойымнан қалыс қалыпты, ұмытыппын. Олар - балдыз бен жезденің, қайны мен жеңгенің арасындағы амандасулар. Бұлардың былайғы адамдармен есендесу шеңберінен шығып кететін тұстары бар. Өзге ұлтты білмеймін, ал қазақта балдыз-жезде, қайны-жеңгелер әзіл-қалжыңдары жымдасатын, әңгімелері жалғасатын, ойын-күлкілері жарасатын өте бір тату жандар болып келеді. Бір-біріне батып та, батыл да сөйлейтін әрі оған

Әдетте, өз халқыңның ұлттық өнеге-өлшемдері қашанда ерекше сезіліп, басқалардікінен озық көрінетіні бар. Бұл - барлық ұлттарға тән табиғи қасиет. Алайда «менікі артық, басқанікі нашар» деген жаңсақ ой тумаса керек. Әр нәрсенің үйлесім тауып жарасатын өз ортасы, өсіп-өнетін өз топырағы бар. Саналы адам елін-жұртын, оның ұлттық табиғи болмысын ардақтай отырып, өзгенікін құрметтеп түсінуі керек. Өзін зор санап, өзгені қор санау - көргенділік емес, өзімшілдіктің, надандықтың бір белгісі. Ал енді туған халқыңды білмей, оның жанын ұғынбай тұрып, басқанікін келістірем деп еліктеу де кісілік емес. Ол намыссыздыққа жетелейді. Намыссыздық - жаман дерт. Оның өсер ұрпаққа, халықтың келешегіне кесірін тигізетінін ешқашан ұмытпау керек. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», әр халық, әр ұлт өзіне-өзі ұқсағаны жақсы.

0,0(0 оценок)
Ответ:
VladimirOwl
VladimirOwl
29.06.2022 15:17
Менің оқу құралдарым
Менің атым Толғанай. Мен екінші сыныпта оқимын. Мен өзімнің оқу құралдарымды таза ұстаймын. Әр оқушы өзінің оқу құралдарын таза ұстауға міндетті. Кітапты жыртпай ұқыпты ұстауымыз керек. Себебі кітаптың біз үшін берері көп. Біз сол кітаптан оқуды, жазуды үйреніп білімді боламыз. Сондықтан мен күнделікті сабағыма дайындалып жүремін. Сыныптағы озат оқушылардың бірімін. Менің әжем күнде сабақтан бестік баға алуымды тілейді. Мен әжемнің сөзін тыңдап, тілегін орындап күнде бестік баға алып келемін.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота