Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін қолданып, жазба жұмысын орындаңыз. 1. Ел арасында «Жар таңдауда, мамандық таңдауда қателеспе» деп жиі айтылатын жаттанды сөз бар. Сіздіңше, мамандық таңдаудың маңызы қандай? Ойыңызға аргументтер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
2. Сіз ғажайып ғарыш туралы қызықты фантастикалық шығарма оқыдыңыз. Осыдан кейін сіз бұл шығармамен басқа балалардың да танысқанын қаладыңыз. Мектеп сайтына шығарма бойынша аннотация жазыңыз.
Ел арасында «Жар таңдауда, мамандық таңдауда қателеспе» дейтін жиі айтылатын жаттанды сөз бар. Осы әңгіме қанша рет айтылса да, оны іс жүзінде жүзеге асыратындар некен-саяқ. Егер адамдар жар таңдаудан қателеспесе, қоғамда ажырасу азайып, отбасының шырқы бұзылмас еді. Егер, мамандық таңдаудан қателеспесек, дәл қазіргідей маман тапшылығы болмас па еді?!
Көп мектеп бітіруші түлектер тест сұрақтарын білімділіктің барометрі санайтындығы. Олардың өзі таңдаған салаға (ғылымға) тек тест сұрақтары тұрғысында ғана дайын болуы. Ал, ЖОО-ларда білім беру жүйесі әрқалай. Тек сессия соңындағы емтихан тесттері болмаса, жаттанды «білімнің» іске аспайтындығы студент өміріне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан, әр талапкер таңдаған мамандығына байыппен қарап, оқушы кезінен бастап жан-жақты дайындық жүргізгені абзал.