Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай, сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін қолданып, аргументативті эссе жұмысын орындаңыз. 1. Қалай ойлайсыз, шетелдік туристерді елімізге тарту барлық жағынан тиімді ме?
2. «Театр – өмірлік сұрақтарға шешім табатын орын», – деген екен А.И.Герцен. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе?
Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай, Қасқырбай, Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтап жүгіріп келіп: «Судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Жылдам ауылға хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «шапқы-ау, шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білеуітке жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», - депті
Dubai Mall" — Дубай қаласы орталығындағы үлкен сауда орталығы. Ол доллармен есептегенде 20 миллиардтық Бурж Халифа орталығының бір бөлігі есептеледі.
2008 жылы әлемді таңқалдырған ашылу салтанаты өткен бұл орталық 600 ден астам дүкендерден тыс басқада түрлі қызметтерді ұсынады. Оның 22 экранды кинотеатры және Лондондағы Режент Стрит Олимпия ойындары өлшеміндегі мұз сарайы және басқада түрлі кереметтері бар. Аталмыш сауда орталығы 2011 жылғы көрсеткішімен, яғни орталыққа келген 54 миллион кісімен әлемдегі ең көп адам келетін сауда орталығы аталды.
"Dubai Chronicle" интернет журналының мәлімдеуінше, "Apple" Орта Шығыстағы бірінші дүкенін осы орталықта ашу мүмкін екен.