Берілген мәтіндегі етістіктердің қай шақта тұрғанын жазып, морфологиялық талдау жасаңыздар.
Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы бойынша құрамдас елдер
генетикалық түрлендірілген тағамдарды импорттауға шектеу қоймауға тиіс.
Алайда айтып өткеніміздей, АҚШ пен Англия гендік модификациядан өткен
өнімдердің өз елдерінде сатылуына шек қойып отырады. Сол секілді, Ресей
ғалымдары да бір елді-мекен тұрғындарына Қытайдың трансгенді өнімдерін
ғана беріп отырып, екі жыл бойы бақылау жүргізген. Ауыл тұрғындары таза
органикалық өнімдермен тамақтанған көршілес ауыл тұрғындарымен
салыстырғанда, ас аллергиясына көп ұшырағыш болып кеткені
анықталғанға ұқсайды...
Ал енді қазаққа гендік модификациядан өткен өнімді тұтынудың қажеті
қаншалық? Кең байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы, мал өсіріп, егін
егуге қолайлы территорияда тұратын 16 миллион халық жасанды тағамға
зар болып отыр ма?
Қытай ғалымы Лао-Цзы: «не жесең, соған тартасың» деген екен. Адамның
қандай малдың етін көбірек жесе, мінезі соған ұқсап кететінін басқа
ғалымдар да дәлелдеп баққан. Ал расында, жануарлардың гені қосылған
жемістер мен көкөністерді жеу бізді жылқы мінезімізден алыстатып
жібермей ме?..
Қазақ халқының ойшылы және философы Абай Құнанбайұлының ең жарқын шығармалары мен еңбектерінің бірі-Қара сөздер. Абайдың соңғы жылдары жазылған Қара сөздері көлемі мен жазылуы жағынан әр түрлі 45 сөзден тұрады. Қазақ қара сөзінен сөзбе-сөз аударғанда Қара сөз (Қара сөздер) деп аударылады, оның аудармасы өз мағынасын береді, өйткені бұл еңбектерде қазақ халқының Абайға деген айқын сыны (өшпенділігі емес) көрінеді. Абай өзінің барлық жылдарында қазақтардың кемшіліктері мен кемшіліктерін түсінді және оны шеше алмайтындығынан қорқып, ол бұл туралы әдеттегі стильде жазуды жөн көрді.
Бөлеме кітап сыйладым
«Кітап
білім бұлағы» деген дана сөз бар. Білімнің пайдасын білетін адам дүние жина-
майды, кітап жинайды. Біздің үйде шағын кітапхана бар. Кітапханада ертегілер, сөздіктер
және түрлі энциклопедиялар бар. Мен қызықты мәліметтерді осы кітаптардан оқимын. Мен
кітапханадағы барлық кітап тізімін жасадым. Кітаптардың авторларын жаздым, қайда, қашан
шыққанын көрсеттім.
Кейде керек ақпаратты тез таппайсың. Сондықтан өзіме керек ақпаратты тез табу үшін,
түрлі-түсті қағаздардан белгі жасадым.
Кітапханада әкемнің 1-сыныпта оқыған әліппесі болды. Әкем оны туған күніме сыйлады.
Бір күні менің бөлем келді. Ол суретті әліппені көріп, қатты ұнатты. Бірақ бұл әліппе мен үшін
өте қымбат. Алайда кішкентай бөлемді ренжіткім келмеді. Оның білімге құштарлығын көріп,
әкемнің рұқсатымен әліппені бөлеме сыйладым. Бөлеме: «Әліппені таза ұста, жыртпа!»,
дедім. Бөлем қатты қуанды, кітапты ұқыпты ұстайтын боп сөз берді. Мен оған: «Талабыңа нұр
жаусын!» — деп тілек айттым.
Әкемнің әліппесінің құр тұрмай, пайдаға асқанына мен де қуандым.
«Мен оқимын, ойнаймын, ойланамын» кітабынан