В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
sakyra225
sakyra225
17.04.2023 09:19 •  Қазақ тiлi

Берілген сұрақтарға жауап беріп, диалогті толықтыр.

-Жұлдызшылар ауа райы туралы не айтқан?
-...мәлімет...
- Не себепті мәліметтер көшпелі түркілерге өте маңызды болған?
- ...тұрмыста пайдаланған …
- Қазақтар - кімнің ұрпағы?
- ...ұлы түркілер…
- Қазақ халқы жазда, қыста қайда өмір сүрген?
- ...жайлау, қыстау…
- Қазақстан археологтері Орталық Қазақстаннан не тапқан?
-... зират...
- Зиратта не болған?
- ...жұлдызтас, метеорит...
- Зираттың жанына қойылған?
-... мүсін…​

Показать ответ
Ответ:
avrora26
avrora26
12.01.2023 21:21
Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған.Қазақстанның халық әртісі. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.
Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.Дина Кеңес заманында да өзінің арман аңсарын, үміт тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай «Тойбастар», Отан соғысы жылдарында «Ана бұйрығы», «Жеңіс» сияқты күйлер шығарды. Рас, қоғамның репрессиялық қаталдығы туыдрған жағымсыз саясат пен желбуаз идеология Динаның бұла дарынын қақпайлап бақты. Оны төлтума арқасынан (шабытынан) айырып, әсіре ұраншылдықтың қолжаулығы етпек болды. Ол шығарған күйлерге «Еңбек ері», «Сауыншы», «Сталин», «Делегат», «Көкөніс» деп ат қойып, алаулатып жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырды. Алайда, шын асылды тот баспайды. Динаның қанатты өнері халқының рухани асыл қазынасы ретінде бүгін мен болашаққа қызмет көрсете бермек.
0,0(0 оценок)
Ответ:
lyubaykind
lyubaykind
19.03.2023 08:50
Қазақ домбырасының Құрманғазы мен Тәттімбеттен кейінгі тарландарының бірі-дүлдүл домбырашы Нұрғиса Тілендиев. Нұрғисаның әкесі Тіленді мен атасы Байсерке күйші, домбырашы болса, анасы Салиқа қара сырнаймен ән әуендеткен екен. Нұрғиса домбыраны өзіне жастайынан серік қылады.
 Жас шәкірттің талабын аңғарған Ахмет Жұбанов 1937 жылы оны ұлт- аспаптар оркестріне алып келеді. Ұстазының сыйға тартқан домбырасын Нұрғиса өмірінің соңына дейін көзінің қарашығындай сақтап келген.
Нұрғиса Тілендиев 400-ден аса ән-романс,соның ішінен халықтың сүйікті әндері'Саржайлау'.''Өз елім менің "."'Құстар қайтып ,барады''Әже туралы ән''."Әке туралы жыр"'.Куә бол""оркестрге арналған ,«Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты , пьеса, күй, кинофильмдерге .Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Ақсақ құлан»  әлдеқашан қазақ сахнасын мен экран өнерінің классикасына айналған.
Шығармашылық жұмыс: 1982 жылы құрылған «Отырар сазы» оркестрінің басты мақсаты — ұлттық музыканы дамытып, насихаттау, әсіресе жастар бойына дарыту еді.Оркестірдің репертурында халық күйлері («Кеңес», «Салкүрең», «Сарыөзен»), халық композиторларының (Тәттімбеттің «Қос басар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ»; Сүгірдің «Кер толғау», «Бес жорға»; Ықыластың «Ерден күйі», «Қамбар батыр»
Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы – атақты композитор, дирижер, домбырашы 1925 жылы сәуір айының 1-жұлдызында Алматы облысы Іле ауданының Шіліккемер ауылында дүниеге келген. Қазақстанның халық қаһарманы 1998 жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында жерленді. 
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота